AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Almaty Business-2025 бағдарламасы бойынша 130-дан...

Almaty Business-2025 бағдарламасы бойынша 130-дан астам жоба қаржылай қолдауға ие болды

Экономика 02.07.2021, 10:30 2,166
Almaty Business-2025 бағдарламасы бойынша 130-дан астам жоба қаржылай қолдауға ие болды
Сурет: Xhby.net

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада Almaty Business–2025 өңірлік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жоспарланған.



Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының жүзеге асуы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 
«Алматы қаласының Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары кәсіпкерлікті жүргізу үшін жылдық 5% мөлшерлемемен несие ала алады. Айта кетсек, елімізде бұл мөлшерлеме 6%-ды құрайды», – деді Еркебұлан Оразалин.
 
Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір қарыз алушыға жоғарғы сома 180 млн теңгені құрайды. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі белсенді емес аудандар үшін 5%, белсенді аудандар үшін 7% құрайды.
 
Қазіргі кезде бағдарламаның серіктес банктері – «Сбербанк», «ВТБ банк». Оларда кәсіпкерлікті қолдау үшін қаражат бар. Жұмысты «Альфа Банк» пен  «Форте Банк» арқылы бастау жоспарлануда. Бүгінде 3,3 млрд теңге көлемінде 46 жобаға қолдау көрсетілді, жалпы, бюджет 11 млрд теңгеден асады.
 
Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, Almaty Business-2025 бағдарламасы кәсіпкерлер арасында кеңінен танымал әрі мегаполисте кәсіпкерлікті дамытуда оң нәтиже көрсетті.
 
«ШОБ-ты ынталандыру үшін Алматы ӘКК базасында Almaty Finance ұйымдары және «Алматы» МҚҰ құрылды. Қарыздар жылдық 6%-бен 2% мөлшерлеме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бүгінде 9,5 млрд теңге көлемінде 130 жоба қаржыландырылды. Берілген несиелердің 30%-дан астамы start-up жобаларға тиесілі», – деді спикер.



Сонымен қатар Еркебұлан Оразалин кепілдігі жоқ жаңа кәсіпкерлер де несие алатынын айтты. Ол үшін бағдарламаға несие тарихы бар клиенттер үшін жылдық 12% мөлшерлемемен 6 млн теңгеге дейін, сондай-ақ несие тарихы жоқ кәсіпкерлер үшін 1 млн. теңгеге дейін кепілсіз несие беру мүмкіндігі енгізілді. Несие мерзімі 24 айға дейін.


Сондай-ақ Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында кәсіпкерлер сатып алынатын жабдықты кепілге қойып қаржыландыру үшін Almaty Finance пен Almaty ШҚҰ-на жүгіне алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#культура #театр #Алматы #МСБ #поддержка #ШОБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);