Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Almaty Business – 2025»: 36,3 млрд. теңгеге 656 ж...

«Almaty Business – 2025»: 36,3 млрд. теңгеге 656 жоба қаржыландырылды

Әлеумет 29.08.2024, 15:20 1,548
«Almaty Business – 2025»: 36,3 млрд. теңгеге 656 жоба қаржыландырылды
Сурет видео скрині

«Almaty Business – 2025»: «Алматы» ӘКК еншілес компаниялары арқылы 36,3 млрд. теңгеге 656 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игеновтың айтуынша, 2019 жылдан бері «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында «Алматы» ӘКК - «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» МҚҰ ЖШС еншілес компаниялары арқылы 656 жобаға 36,3 млрд теңге бөлініп, 2 716 жұмыс орны құрылды.

Бұл бағдарлама шағын және орта бизнесті 2% және 6% жылдық мөлшерлемемен 7 жылға дейін жеңілдікпен несиелендіру арқылы дамытуға бағытталған. Бағдарламаның негізгі бағыттары – өнеркәсіптік, инновациялық, экспортқа бағдарланған жобалар, креативті индустрия, шағын өнеркәсіп парктері, сондай-ақ Алматыдағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда жүзеге асырылатын жобалар.

Жұлдыз Игенов бағдарламаның басты мақсаты – бизнеске қаржыландыру мүмкіндігін арттыру екенін атап өтті. Осы мақсатқа жету үшін «Almaty Finance» және оның еншілес компаниясы «Алматы» МҚҰ ЖШС  құрылып, «Алматы» ӘКК компаниялар тобына енді. 

«Almaty Finance» және «МҚҰ Алматы» арқылы кәсіпкерлер 2% және 6% жылдық мөлшерлемемен 7 жылға дейін несиелер алып, өз бизнестерін дамытуға мүмкіндік алды. 2024 жылға арналған «Almaty Finance»-тегі ең жоғары несие сомасы 500 млн теңгені, ал «Алматы» МҚҰ-да 73 840 000 теңгені құрайды», – деді Жұлдыз Игенов.

Алынған қаражат кәсіпкерлерге жабдық сатып алуға, шикізат алуға, айналым қаражатын толықтыруға және бизнестің басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады.

«Almaty Business – 2025» бағдарламасының артықшылықтары:

- негізгі бағыттар мен қаланың 2025 жылға дейінгі даму жоспары аясында алға қойылған міндеттерге сәйкес тар шеңберде қаржыландыру;
- стартап жобаларды несиелендіру;
- әлеуметтік әлсіз топтарға жататын кәсіпкерлерге қолдау көрсету;
- шағын өнеркәсіп парктерін салуды қаржыландыру, өнеркәсіптік ипотека;
- қаланың экологиясын жақсартуға бағытталған жобаларды қолдау.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «Almaty Finance» және «Алматы» МҚҰ Алматы қаласында 4,5 млрд теңгеге 55 жобаны қаржыландырып, 348 жұмыс орнын құрды. Шағын өнеркәсіптік парктер құрылысын қаржыландырудан басқа, бизнесті дамытуға өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика және туризм салаларындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер қарыздар алды. Сондай-ақ, спорт және халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

«2019 жылдан 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін «Алматы» ӘКК еншілес және тәуелді компаниялары арқылы «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында 36,3 млрд теңгеге 656 жоба қаржыландырылып, 2 716 жұмыс орны ашылды», - деп толықтырды сөзін спикер.

Басым бағыттардың ішінен қарыздардың ең көп саны өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау және әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі жобаларға, сондай-ақ туризм, креативті индустрия және білім беру салаларындағы жобаларға бөлінді. Бұдан басқа, шағын өнеркәсіп парктерін салу бойынша, спорт саласындағы, ШӨП резиденттерін қолдау және қала экологиясын жақсартуға бағытталған жобалар қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген бюджеттен 25,3 млрд теңге ққайтарымды-жаңартпалы қаражатты пайдалану есебінен 36,3 млрд теңге сомасына қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жыл соңына дейін «Алматы» ӘКК «Almaty Finance» және «Almaty» МҚҰ арқылы «Almaty Business – 2025» шеңберінде қаржыландырудың жалпы көлемін 42 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, 5,0 млрд теңге сомасына тағы да жобаларды қолдауды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Almaty Finance» #«Almaty Business – 2025» #шағын өнеркәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Кеше 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Кеше 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Кеше 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Кеше 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Кеше 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика