AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы бизнесіне келтірілген залалды өтеу туралы ш...

Алматы бизнесіне келтірілген залалды өтеу туралы шешім 5 күн ішінде қабылданады

Әлеумет 19.01.2022, 13:53 1,035
Алматы бизнесіне келтірілген залалды өтеу туралы шешім 5 күн ішінде қабылданады
Сурет: Inbusiness.kz

Залалды өтеу қолдау қорының қаражатынан жүзеге асырылады.


Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында зардап шеккен кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Спикер полиция өкілдерінен тіркеу талонын алған, бірақ растайтын құжаттары жоқ кәсіпкерлерге келтірілген залалдың мөлшерін бағалайтын аудандық комиссияға жүгіну қажет екенін атап өтті.



«Залалды бағалауды құрамына тәуелсіз бағалаушылар, аудиторлық компаниялар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және т.б. кіретін аудандық жұмыс комиссиялары жүргізеді», - деп нақтылады әкім орынбасары.



Оның айтуынша, өтінішті қарау және шешім қабылдауды өңірлік комиссия бес күн ішінде жүзеге асырады. Осыдан кейін өтеу үшін шешім жобасы әзірленеді және ақша қаражаты үш күн ішінде өтініш берушінің ағымдағы немесе Жинақ шотына аударылады.


Бекітілген тетікке сәйкес, келтірілген залалды өтеу жергілікті атқарушы органдардың немесе зардап шеккен бизнесті қолдау қорының «Күш бірлікте» қаражатынан жүргізілетін болады.


Ілияс Өсеров көлік, экспедициялық және осыған ұқсас қызметтерді көрсететін компаниялар автокөлік ұрланған немесе бүлінген жағдайда аумақтық полиция бөлімшесіне жүгінуі керек екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #компания #өтініш #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті

Бүгін 09:42

Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтті

Бүгін 09:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика