AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Та...

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Таза көшелер» кезеңі қалай өтіп жатыр?

Әлеумет 04.03.2025, 09:25 745 Bakyt
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Таза көшелер» кезеңі қалай өтіп жатыр?
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең ауқымды экологиялық «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Наурыз айының алғашқы онкүндігі «Таза көшелер» деген атаумен өтіп жатыр. Бұл кезең жол жабынын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазалауға, жол белгілерін жуып-шаюға, қосымша қоқыс жәшіктерін орнатуға және қаланың негізгі көшелерін көркейтуге арналған.

Науқан барысында жұмысшылар Солтүстік айналма жолының бойын тазартып жатыр. Жұмысшы Асқар Алдабергеновтің айтуынша, жұмыс Рысқұлов көшесінен басталып, Айнабұлақ шағын ауданына қарай жалғасуда.

«Қызметкерлер қыс кезінде жолға себілген құм мен басқа да қоқыстарды жинап жатыр. Біздің қолымызда фронталды тиегіш, самосвал және шаңсорғыш көлік бар. Жұмысшылар негізгі қоқысты жинағаннан кейін шаңсорғыш ұсақ қалдықтарды тазалайды. Мен осы салада 15 жылдан бері жұмыс істеймін. Қыс біткесін қар астында қалған қалдықтарды жинаймыз, ал көктемде саябақтар мен гүлзарларды ретке келтіреміз. Жыл мезгілдеріне қарай тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргіземіз», – дейді ол.

«Таза көшелер» науқаны аясында 180 жұмысшы және 60 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, магистральдық көшелер ғана емес, оларға іргелес жатқан саябақтар, гүлзарлар, арық жүйелері тазартылуда. Аулаларда «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша тазалық жұмыстары қолға алынған.

Бұған қоса, көріктендіру төлқұжаты енгізіліп жатыр. Аудан әкімдігі қызметкерлері кәсіпкерлер мен меншік иелерін аралап, көріктендіру төлқұжатына қол қою қажеттігін түсіндіруде. Бұл аймағын таза ұстауға деген жауапкершілікті арттырады.

Жолды шұңқырлы жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Ойықты, шұңқырды қалпына келтіру, апатты жағдайдағы арықтар мен жиектастарды ауыстыру жұмыстары басталды.

Еске салсақ, 1 наурыздан 1 сәуірге дейін 4 кезеңге бөлінген «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр.

  • «Таза көшелер» (1-9 наурыз) – аялдамалар мен жол белгілерін жуу, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральды көшелерді көркейту.
  • «Таза саябақтар, скверлер және таулар» (10-16 наурыз) – табиғи аймақтарда сенбіліктер өткізу, қоқыс жинау шаралары.
  • «Таза аулалар» (17-23 наурыз) – аулаларды, балалар және спорт алаңдарын тазалау, бояу, көгалдандыру, «Үздік аула/аула сыпырушысы/гүлзар» байқаулары.
  • «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз – 1 сәуір) – ескерткіштерді көркейту және жаппай ағаш отырғызу.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Таза көшелер #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);