Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы Білім басқармасы №25 гимназия директоры лау...

Алматы Білім басқармасы №25 гимназия директоры лауазымына конкурс жариялады

Барлығы 02.12.2025, 16:54 317
Алматы Білім басқармасы №25 гимназия директоры лауазымына конкурс жариялады
Сурет: Kazgazeta.kz

Алматы қаласы Білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеуге арналған ашық конкурс жариялады. Конкурс Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназияның директоры лауазымына өткізіледі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Гимназия 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Лауазымдық жалақы жұмыс өтіліне қарай 202 807–245 988 теңге аралығында белгіленеді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
– жоғары педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлау;
– кемінде 5 жыл педагогикалық жұмыс өтілі, соңғы 2 жылы үздіксіз;
– басшы немесе директордың орынбасары ретінде кемінде 2 жыл тәжірибе;
– біліктілік санатының (педагог-сарапшы, зерттеуші, шебер және т.б.) болуы артықшылық береді;
– QAZTEST немесе Qazaq Resmi Test сертификаты (В1 деңгейінен төмен емес).

Үміткер білім беру ұйымын басқару, педагогикалық процесті ұйымдастыру, материалдық-техникалық базаны дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадрлық саясат жүргізу және қаржылық есептілік дайындау сияқты міндеттерді орындайды.

Құжаттар қабылдау мерзімі - конкурс туралы хабарландыру ресми басылымдарда («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы») және edualmaty.kz сайтында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Өтінімдер Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 (Алматы қаласы Білім басқармасы) мекенжайы бойынша немесе электронды пошта арқылы қабылданады: service.ok.2@mail.ru

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі басқарманың сайтында жарияланады. Үміткерлер әңгімелесуді офлайн форматта өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конкурс #бос орын #директор лауазымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі