AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы базарындағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің мүлкі...

Алматы базарындағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің мүлкі бүлінді

Әлеумет 11.11.2022, 15:00 1,366
Алматы базарындағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің мүлкі бүлінді
Сурет: Ашық дереккөз

Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды


Алматы базарындағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің мүлкі бүлінді. Жергілікті кәсіпкерлер палатасы өрттен зардап шеккен бизнеске қор ашуға дайын. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП қоғаммен байланыс департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Палатаның мәліметінше, базардағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің тауарлары, атап айтқанда жаңа жылға арналған шыршалар, гирляндылар, косметика, 8 наурызға арналған сыйлықтар мен ойыншықтар бүлінген.


Алматы қаласының ӨКП қызметкерлері кәсіпкерлермен үнемі байланыста, залал сомасы белгіленіп жатыр. ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.



«Егер бизнеске консультациялар, сақтандыру төлемдері, жалға берушілермен келіссөздер жүргізу бойынша қандай да бір көмек қажет болса, біздің мамандар бұл жұмысқа қосылуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғау бөлігінде құқықтық, қаржылық сипаттағы консультациялар беруге дайын. Қажет болса, біз қаражат жинауға дайынбыз», - дейді ол.



Еске салсақ, бүгін Алматыдағы «барахолка» өртенді.


Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, күрделі өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #барахолка #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін 15:20

ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды

Бүгін 15:17

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Бүгін 15:16

Олжас Бектенов еліміздің электр энергетикасы саласын дамыту бойынша кеңес өткізді: «Самұрық-Қазына» қорының жобалары қаралды

Бүгін 14:01

Алматы әкімі Hyundai Motor Group өкілдерімен ақылды қала технологиясын енгізу мәселесін талқылады

Бүгін 12:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);