«Қазақстан барысы – 2023» республикалық турниріне Алматы қаласының атынан қатысатын балуандар белгілі болды
Анна 1/32 финалдық кезеңінде венгриялық теннисші Тимея Бабошпен бірге румыниялық Моника Никулеску мен жапониялық Макото Ниномияны екі сетте 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 4 минутқа созылды.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен жыл сайынғы «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турниріне іріктеу турнирі өтті. Жарысқа Алматы қаласынан 16 балуан қатысып, барлығы да бір салмақ нәтижесінде өнер көрсетті.
Спорттық іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының, «Сәулет» би ансамблінің концерттік бағдарламасымен басталды. Қатысушылар жеребе суырып, ең мықты балуан атағы үшін жекпе-жекке шықты. Бұл іріктеу турнирі Алматы қаласы әкімдігі, Халықаралық қазақ күресі федерациясы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының бірлескен жобасы.
Ұлттық спорт түрлері, оның ішінде қазақ күресі сынды ұлттық құндылықтарымыз елімізді әлемге танытады. Қазақ күресінің тәрбиелік мәні ерекше.
«Алматы барысы – 2023» атағын балуан Жансерік Жұмабай жеңіп алды, күміс Айбек Ізтілеуовке, ал қола Әбдіқасым Саханға бұйырды. Алтын және күміс жүлдегер «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турниріне жолдама алды. Жарыстың жүлде қоры – 1 миллион теңге. 1-орынға 500 мың, 2-орынға 300 мың, 3-орынға 200 мың теңге берілді.
Қазақ күресі бойынша турнир жыл сайын салауатты өмір салтын және жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында өткізіледі. Ұлттық күрес 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. Ең бірінші жарыс осы жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Содан бастап дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ал «Қазақстан барысы» республикалық турнирі 2012 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылады
Болат АХМЕТБЕКҰЛЫ,
Алматы қаласы Қазақ күресі федерациясының төрағасы, жарыстың бас төрешісі:
– «Алматы барысы – 2023» республикалық турнирге іріктеу жарысы ретінде өтті. 16 балуан белдесіп, ең мықтысы жолдама жеңіп алды. Турнирге Алмалы ауданынан басқа 7 ауданнан іріктелген 90 килограмм салмақтан жоғары балуандар қатысты. Әр ауданнан 3 балуаннан іріктелді. Жарақат алған балуандар қатыса алмады. «Қазақстан барысы – 2023» турнирі 1 шілдеге жоспарланып отыр. 2 балуанымыз қала намысын қорғайтын болады.