Бостандық ауданында әл-Фараби даңғылы бойындағы бес жерүсті жүргіншілер өткелін жөндеу жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.
Өткелдердегі тозған элементтер ауыстырылып, баспалдақтарға сырғанауға қарсы жабын төселді. Сондай-ақ жарық өткізетін құрылымдар тазартылып, жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылды.
№125–135 үйлердің маңында ұзындығы 170 метр болатын жүргіншілер аллеясы да көркейтілді. Мұнда 1 мың сәндік бұта мен 60 түп боз арша егілді.
Сонымен қатар ірі көлік жолайырықтарын жарықтандыру жобасы аяқталды. Әл-Фараби — Назарбаев, әл-Фараби — Розыбакиев және Абай — Гагарин қиылыстарына сегіз биік жарықтандыру бағаны орнатылды.
Аталған жұмыстардың барлығы тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылды