AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / «Almaty BALA FEST» телевизиялық фестивалі көрермен...

«Almaty BALA FEST» телевизиялық фестивалі көрерменге қайта жол тартады

Балалар жылы 18.08.2022, 02:45 4,590 Almaty-akshamy
«Almaty BALA FEST» телевизиялық фестивалі көрерменге қайта жол тартады
Сурет: Дереккөз

«Тұмар-2022» телевизиялық бәйгесінің үздігі


«Тұмар-2022» телевизиялық бәйгесінде үздік ойын-сауық бағдарламасы болып танылған «Almaty BALA FEST» телевизиялық фестивалі көрерменге қайта жол тартады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын» дей келе Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы жалаң ұран мен мерекелік шаралардан» аулақ болуды айтқан еді. Өткен жылы  «Алматы» арнасы  ұсынған «Almaty BALA FEST» телевизиялық жобасы  соның дәлелі. Себебі, 2021 жылғы фестивальге талай талантты да, өнерлі жастар қатысып, көрермен ықыласына бөленген еді. Демек, мемлекет тарапынан балалар өнерін қолдап, олардың дамуына жасалған жағдай, сондай-ақ әділ қазылардың еңбегі, өнерлі өрендердің ықыласы фестивальдің үздік атануына себеп болған.
Жобаның биылғы ерекшелігі – жүргізуші таңдауда талапты күшейтік. Бағдарламаны биязы мінезімен көзге түскен танымал актер Еркебұлан Мырзабек тізгіндейтін болады.



«Біз үшін әр бала ерекше, әрқайсысы  талант иесі. Біз ешкімді бөліп жармаймыз. Әр бала Қазақстан болашағының жарқын кепілі деп білеміз», - дейді Айгүл Ақсамбиева.



Бағдарламаның басты мақсаты – балаларды ынталандыру, қолдау. Сахнада өнер көрсеткен баланы көріп отырған көрерменді де қызықтырып, сенімін арттыру.



«Жаңа маусымда төрешілер құрамы өзгерген жоқ. Нұргүл Нұғманова, Данияр Өтеген, Гүлназ Жоланова қазылар алқасы құрамында отырады. Ал бағдарлама сайын ауысып отыратын төреші балаларға үлгі болатын танымал жастардың арасынан іріктеліп алынатын болады», – деді Айгүл Ақсамбиева.



Сондай-ақ осы маусымда көрермен көзайымына айналатын талант иелері көп. Әсіресе, қазақтың төл өнерін, ұлттық музыкасын серік еткен өнерпаздар саны артыпты. Солардың бірі – Аукен Дінмұхаммед.



«2 сынып оқып жүргенімде домбыраға қызыға бастадым. Ата-анам байқап, өнер мектебіне домбыра үйірмесіне берді. Домбыра арқылы Қазақстанды барша әлемге танытқым келеді. Осы жолғы  мақсатым – өнерімді одан әрі шыңдай түсу», - дейді Аукен Дінмұхаммед.


«Біздің кезімізде әнші де, топ да, актер де аз болатын. Қазіргі ұрпақ бізге қарағанда жан-жақты. Ең маңыздысы – қазіргі рэп, q-pop заманында балалардың өз түп-тамырына қайта оралып, халқымызды танытатын этникалық музыка бағытына бет бұруы», - деді Нұргүл Нұғманова.



Жаңа маусымда «Алматы» телеарнасында «Аlmaty BALA FEST» бағдарламасы қыркүйек айында эфирге шығады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #өнер #дарын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);