ffin.kz

«АЛМАТЫ-БАЙСЕРКЕ-ТАЛҒАР» Магистральды газ құбыры Алматы англомерациясының экологиясын жақсартуға ықпал етеді

«АЛМАТЫ-БАЙСЕРКЕ-ТАЛҒАР»  Магистральды газ құбыры Алматы англомерациясының экологиясын жақсартуға ықпал етеді almaty-akshamy.kz

QazaqGaz Алматы қаласындағы ЖЭО сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтады.

                               Экологиялық таза қуат көзі

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігіне айрықша тоқталып, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керектігін атап айтқан болатын. Бүгінге дейін еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматының аспаны ашылмай, ластанып бара жатқанын аңғарған Мемлекет басшысы бұл қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға қатысты тапсырма берген.

Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Соның бірі – осы кезге дейін пайдаланып келген көмірді газға ауыстыру арқылы экологиялық ахуалымызды сауықтыруды қолға алу. Әлі күнге дейін ЖЭО-да, өндіріс орындарында көмір жағып, төңіректі қара түтінге көміп отырған рас. Сондай ауқымды аймақтың бірі де бірегейі – Алматы қаласы. Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауындағы жетінші мәселе «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек» деп аталады. «Жеті» сөзінің өзі қазақта жақсылықтың белгісіндей көрініп тұратыны бар.

«Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс» деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының осы сөзінен көп ұзамай-ақ, еліміздің оңтүстік-шығысында «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры екінші тармағының құрылысы аяқталды. Алматы шаһары маңындағы маңызды салтанатты шараға «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев пен «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов, басқа да сала қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Газ жүйесін күшейтеді

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырының екінші кезеңі іске қосылуда. Бұл – аса маңызды жоба. Себебі, бұл энергетика мен газ жүйесін күшейтеді. Бұл жоба арқылы біз Алматы қаласын қосымша газбен қамтамасыз етеміз. Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмасымен 2026 жылдың аяғына дейін Алматының ЖЭО-2, ЖЭО-3, көмір электр стансаларын отынның қатты түрінен газға айналдыратын боламыз. Магистралды газ құбырының екінші тармағы аталған нысандарды  табиғи газбен тұрақты түрде қамтамасыз етуге ықпал етеді. Президентіміздің өзі «Таза Қазақстан» акциясы жайлы атап айтқандай, жобаның басты көздегені – жергілікті жердің экологиялық ахуалына жағымды әсер етіп, ауа сапасын арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Әлбетте, бұл жобаның жүзеге асуын көмірсутегі бейтараптығына жетуге қосылған сүбелі үлес деуге болады. Жобаға сәттілік тілеген «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ басқармасының төрағасы өз сөзінде Qazaqgaz, «ИнтерГазОрталықАзия», Алматы қаласы  мен Алматы облысы әкімшілігіне алғысын айтты. Сонымен қатар, газ тасымалдау жүйесін кеңейту қолданыстағы «Алматы-Байсерке-Талғар» бір желілік газ құбырының тоқтап қалмауының алдын алып, төтенше жағдайды болдырмауға мүмкіндік береді. 

«Қуаныш құтты болсын!» деп сөзін бастаған  «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов: «Мемлекет басшысының Алматы Жылу энергетикалық орталықтарын көмірден газға ауыстыру тапсырмасына  сәйкес, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырының екінші тармағын  аяқтадық. Біздің еншілес компания – «ИнтерГазОрталықАзия» да, мердігер компания – «Кагам» ЖШС бұл жұмыстарды белгіленген кестеден ерте, сапалы түрде  бітірді, бәріне алғыс білдіремін. Маңыздысы, бұл нысанның іске қосылуы  оңтүстік-шығыстағы осы бір ірі мегаполистің аспанының ашық болуына, Алматы агломерациясының экологиясын жақсартуға ықпал етеді», – деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов. 

Энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады

Басқарма төрағасы «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбырының екінші тармағының Алматы индустриалды аумағын, жаңа бизнес орындары мен инвестициялық жобаларды да газбен қамтамасыз ететінін атап өтті. Сондай-ақ, қала маңындағы елдімекендер де осы тармақ желісі арқылы газбен қамтылатын болады. Ең басты мақсат – осы ауқымды жоба Алматы қаласының энегетикалық қауіпсіздігін нығайту. «Нысан ел игілігіне қызмет етсін!» деп сөзін ерекше жігермен аяқтаған Санжар Серікбайұлы осы жобаға қолдау көрсеткен Үкіметке, «Самұрық-Қазына» АҚ-ына, Энергетика министрлігіне, Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдігіне зор ризашылығын білдірді.

«Алматыдағы ЖЭО-1, ЖЭО-2 орталықтарын газбен қамтуға қатысты жұмыстардың аяқталуы – біз үшін аса қуанышты жаңалық. Бұл жоба Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының тұтынушыларын, соның ішінде қаламыздағы жылу-электр стансаларын табиғи газбен сенімді әрі үздіксіз, толық қамтитын болады. Бұл әрі өсіп келе жатқан өңірді газбен қамтуда төтенше жағдайдың болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай көміртегіден  неғұрлым таза экологиялық отын – газға ауыстыру алматылықтар мен іргелес аймақ тұрғындарының өмір сапасына әсер етеді, – дейді   Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев.        

Алматы жылу электр орталықтарының газға көшуі – шаһар тұрғындарының көптен күткен қуанышы. Көмірден газға өткізген жағымды жаңалық шаһарымыздың экологиялық ахуалының айтарлықтай жақсаруына ықпал етері анық. Жылу-энергетикалық орталықтарына тартылған сыртқы газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды.  Демек, ЖЭО-2, ЖЭО-3  жанынан өтіп бара жатып зәулім тұрбадан  қою қара түтіннің орнына көкшіл сұйық түтін көрінер кез алыс емес. Жағымды жаңалыққа үкілі үміт артқан халықпыз. Мұның соңын жақсылыққа баладық. Алматы қаласы мен Алматы облысының, яки  Алматы агломерациясының газ тасымалдау жүйесін кеңейту кәсіпкерлік пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуына жаңа серпін берері сөзсіз. Шаһарымыз шырайланып, аспанын торлаған бұлттың ұзамай сейілерін сездік. Бұл да болса, өңір экономикасына мультипликативтік әсер берері анық.

 

Керек дерек

·        Бұл – ЖЭО арналған газ инфрақұрылымының төртінші нысаны. Оның ұзындығы – 62,4 км, диаметрі – 530 мм, өткізу қабілеті – сағатына 1 000 000 м3.

·   Сыртқы газ инфрақұрылымын дайындау төрт ауқымды нысанның құрылысын қамтыды. ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-дағы екі автоматты газ тарату стансасындағы өнімділік – сағатына 250, 150 мың текше метр.

·     Алматы-Байсерке-Талғар мен Қазақстан-Қытай газ құбырлары арасындағы өткізу өнімділігі – сағатына 1 млн текше метр. Мұны құрайтын «ТIP-04» газ құбырын жалғастырғыш.

· Былтырғы қарашада екі автоматты газ тарату стансасы мен ТIP-04 газ құбыры мерзімінен бұрын пайдалануға берілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32