AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл...

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл маусым айында ашылады деп жоспарлануда

Әлеумет 19.01.2024, 05:48 1,295
Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл маусым айында ашылады деп жоспарлануда
Сурет: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.


Кездесу барысында Үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетіні аталып өтті. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 



«Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз»,— деді Әлихан Смайылов.



TAV Airports Holding басшысы жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінде құрылыс жұмыстары 87%-ға аяқталған. Жаңа терминал биылғы маусымда ашылады деп жоспарланып отыр.  


Жалпы былтыр Алматы әуежайы жолаушылар ағынының рекордтық деңгейін тіркеді. Қолданыстағы терминал тек ішкі рейстерге ғана пайдаланылады. Бұл ретте екі терминалдың әлеуеті жылына 14 млн жолаушыға жетеді. Әуе айлағы арқылы жүк тасымалы көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.


Премьер-Министр Алматы әуежайы теміржол және автомобиль тасымалын қоса алғанда, толыққанды мультимодальды көлік-логистика хабы ретінде дамуы керек екенін атап өтті. Инвестор алдағы жоспарларында мұны ескеруі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әуежайы #халықаралық терминал #ашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);