AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Әлеумет 14.01.2022, 07:54 1,223
Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Сурет: Tengrinews.kz

Көлік полициясы Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша қосымша шаралар қабылдады


Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Талғат Тәліповтың айтуынша, әуежайдағы көлік сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Полицейлер қоғамдық тәртіп пен жүктерді сақтауға, сондай-ақ іздестіруде жүрген тұлғаларды анықтауға баса көңіл бөлуде.



«Жеке құраммен жолаушыларға барынша көмек көрсетуге бағытталған тиісті нұсқамалар жүргізілуде. Авиациялық қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірлесіп, металл іздеу құрылғылары арқылы тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазір терминалға кіруге тек ұшатын жолаушыларға рұқсат берілген. Жолаушылар мен олардың жүктері тексеріледі», - деді ол.



Осыған байланысты ол жолаушылардан полиция қызметкерлерінің олардың құжаттарын тексеру кезіндегі әрекеттеріне түсіністікпен қарауын сұрайды.



«Тыйым салынған заттарды сақтау, тасымалдау әрекеті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын атап өткім келеді», – деді Талғат Тәліпов.



Бұдан басқа шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР көші-қон заңнамасы талаптарын сақтауына бақылау күшейтілген.



«Қазіргі уақытта еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсармай, керісінше, күн сайын СОVІD-19 диагнозы расталған тұлғалардың саны артып отырғанын қаперге аламыз. Осыған қарай, азаматтарға әуежайлар мен басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтауларын, жеке қорғану құралдарын қолдануларын сұраймыз», – деп қосты ол.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #қауіпсіздік шаралары #көлік полициясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);