AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әуежайында 2923 пакет биологиялық белсенді...

Алматы әуежайында 2923 пакет биологиялық белсенді қоспа тәркіленді

Әлеумет 23.05.2023, 08:49 1,036 Almaty-akshamy.kz. 
Алматы әуежайында 2923 пакет биологиялық белсенді қоспа тәркіленді
Сурет: ашық дереккөз


Тыйым салынған және тасымалдауға шектеу қойылған тауарлар жіті бақыланады.







Алматыда кедендік бақылау барысында Қазақстан аумағынан адам денсаулығына зиянды әсер ететін препараттарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл дәрілік препараттар салмағы 92,5 кг 2923 пакет мөлшеріндегі  биологиялық белсенді қоспа ретінде мәлімделген.  



«Сонымен қатар кедендік сараптаманың нәтижесінде мәлімделген биологиялық белсенді қоспалар таблеткалар мен ампулалар түрінде оралған, ҚР аумағында экспорты мен импорты шектеулі саналатын күшті анаболикалық стероидтер екені анықталды», - делінген хабарламада.  



Осы факті бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.


Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тыйым салынған және тасымалдауы шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың өткізілуіне тұрақты негізде бақылау жүргізетінін еске салады. 





Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #биологиялық #тәркіленді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика