Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әуежайы өкілдері тарихи ғимараттың қайда кө...

Алматы әуежайы өкілдері тарихи ғимараттың қайда көшірілетінін айтты

Әлеумет 05.11.2022, 10:11 1,071
Алматы әуежайы өкілдері тарихи ғимараттың қайда көшірілетінін айтты
Сурет: Sn.kz

Алматы әуежайының баспасөз қызметі өкілдері тарихи ғимараттың қайда көшірілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Ведомство өкілдерінің айтуынша, Алматы әуежайының тарихи ғимараты 1947 жылы салынған және Алматының тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.


"Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 29-бабына сәйкес, егер орнын ауыстыру және өзгерту оның сақталу жағдайларын жақсартуға негізделсе, тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру және оны өзгертуге рұқсат етіледі.


Ескерткіштің орнын ауыстыруға мына құжаттар негіз болды:



  • Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №4/492 "Әуежай (Халықаралық әуежай) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің қозғалысы туралы" қаулысы;

  • "Қазреставрация" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының 2022 жылғы 31 қазандағы тарихи-мәдени сараптамасының қорытындысы;

  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тарихи-мәдени мұра жөніндегі арнайы комиссияның 2022 жылғы 1 қарашадағы №6 хаттамасы", - деді баспасөз қызметі өкілдері.


Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, сәулет ескерткіші жаңа жерде сән элементтерімен қайта жасалады.



"Ғимараттың сән элементтері оның ескерткіш ретіндегі мәдени-тарихи маңыздылығын айқындайды. Бұл ретте жаңа халықаралық жолаушылар терминалын салу үшін барлық сән элементі бар ескерткіш Алматы халықаралық әуежайының аумағында 420 метр радиусқа жылжытылады, осылайша ғимаратты тарих және мәдениет ескерткіш ретінде сақтау үшін жағдай жақсарады", - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әуежайы #ғимарат #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық өрендердің өнер байқауы Мұқағали поэзиясына арналды

Бүгін 14:05

Алматыда ҮЕҰ осал топтағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдейді

Бүгін 12:26

Алматыда жастармен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 12:23

25 ақпанда сиреналар қосылады: алматылықтарға ескерту жасалды

Бүгін 12:16

Алматыда туберкулезбен ауыру 60%-ға азайды

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі