AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Түрксіб ауданының тұрғындарымен кезде...

Алматы әкімі Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті

Әлеумет 22.09.2022, 04:04 1,245
Алматы әкімі Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Түрксіб ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесуге 350-ден астам адам келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Аудандағы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту  проблемасы өзекті мәселе болып қалуда. "Шуақты", "Жас Қанат", "Төменгі бесжылдық" шағынаудандары мен Закарпатская көшесінде 138,2 км желі құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 62,2 км тартылды, жыл соңына дейін 22,7 км су және кәріз құбырларын жүргізу аяқталады.



Тұрғындарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ауданда 4,2 км желі қайта құрылды. Жыл соңына дейін 11 км электр беру желісін жаңғыртуды аяқтау және 100 көшені сыртқы жарықтандыру жоспарланған. Сондай-ақ, 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілуі тиіс "Тұздыбастау" қосалқы станциясын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 10,3 км 18 көшеде орташа жөндеу аяқталды. Қазан айының соңына дейін ауданның тағы 82 көшесінде, сондай-ақ Құлжа трактісі - Бұқтырма көшесіндегі жолайрығының құрылысын аяқтау жоспарлануда.



Қала әкімі атап өткендей, ауданда жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қалуда. Осы проблеманы шешу үшін ағымдағы жылы 11 учаскеде (3,8 км.) арықтарды салу және реконструкциялау және Алматы-1 коллекторын қалпына келтіру бойынша жобалар іске асырылуда, ол Зорге көшесіндегі жаңбыр суын таратуды қамтамасыз етеді. 


Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін ауданда 1350 орындық  3 мектепті – №59, №195 және №198 кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. №59 мектеп-гимназиясының аумағында қазан айында 300 оқушыға арналған жаңа ғимарат пен қосымша құрылыс салынады. Бұл ретте ескі ғимараттың бір бөлігі бұзылады. №195 және №198 мектептер бойынша 1050 орынды қосалқы нысандар құрылысының  ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ-ны 2023 жылғы шілдеде аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ жыл соңына дейін "Қайрат" шағынауданын 1500 орындық мектепті  пайдалануға беру жоспарлануда.


Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту мақсатында 730 орындық 3 мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда. "Қайрат" шағынауданында 260 орындық балабақша құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған.



Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Түрксіб ауданында 1 емхана мен 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория (ОДА) салу жоспарланған. 4-ші тоқсанда “Нұршашқан"  шағынауданында 100 келушіге, Айбасов көшесі бойына 200 келушіге арналған (ОДА) отбасылық- дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. Жыл соңына дейін "Қайрат" шағынауданында емхана салуға (340 келушіге арналған) ЖСҚ әзірленеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланып отыр.  «Әлмерек» шағынауданында 200 келушіге арналған амбулатория салу үшін жер учаскесін сатып алу рәсімдері жүргізілуде, 2023 жылы ЖСҚ әзірленетін болады.



Ауданда жыл соңына дейін «Жас қанат» шағынауданында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДСК) құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, желтоқсан айында Майлин көшесі бойына салынатын ДСК және Огарев көшесі бойындағы даму және шығармашылық орталығының ЖСҚ әзірлеу аяқталады.


Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев "Халықтың бюджетке  қатысуы" бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы хабардар етті. Ағымдағы жылы ауданда 800 млн теңгеге 28 жоба қолға алынған. Бүгінде 11 жоба іске қосылды, қалғандары осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.  


Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсанына 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Досаев #Түркісіб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Кеше 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Кеше 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Кеше 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Кеше 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);