AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойы...

Алматы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес өткізді

Әлеумет 05.08.2022, 11:26 1,412
Алматы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша  кеңес өткізді
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Ерболат Досаев өзінің сөзінде сыбайлас жемқорлықты жою үшін парақорлық жағдайларды барынша азайтуға мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.



«Әрбір басшы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты шараларды қабылдауы  тиіс. Мемлекеттік органдардың әрбір басшысын KPI-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралары, ал оның ішінде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бағалауды қарастыру қажет», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.



Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразханның айтуынша, бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесінде оң ілгерілеу бар.




«Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне ұсынған пара туралы хабарлайтын тренд байқалады, кейбір жағдайларда олардың сомасы 70 млн теңгеден асады. Жастар арасында да дүниетаным өзгеруде, әлеуметтік желілерде оқушылар ғимаратты заңсыз жалға беруді жоспарлаған мектеп директорының іс-әрекетіне жүгінді», - деді Асхат Оразхан.



Ағымдағы жылдың алты айында Алматыда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 640 мың теңгеден астам сомаға 3 адам ынталандырылды.


Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, комплаенс-қызметті енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тетіктері мен қорытындылары қаралды.


Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);