AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Қазақстан–Таиланд бизнес-форумына қат...

Алматы әкімі Қазақстан–Таиланд бизнес-форумына қатысты

Алматы Бүгін 15:12 37 yakiya
Алматы әкімі Қазақстан–Таиланд бизнес-форумына қатысты
Алматы әкімдігі

Алматыда Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеоның, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында ұйымдастырылды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен өзара іс-қимылды кеңейту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі саналады.

Құттықтау сөзінде Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерімен, соның ішінде Азия елдерімен байланысты нығайтудың маңызын бірнеше рет атап өткенін айтты.

«Бүгінде біздің алдымызда сауда қатынастарын дамыту ғана емес, сонымен қатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, технология алмасуға және озық халықаралық тәжірибені тартуға қолайлы жағдай жасау міндеті тұр», – деді Алматы қаласының әкімі.

Дархан Сатыбалды форумға қатысушыларға Алматының экономикалық әлеуетін таныстырып, Таиланд компанияларымен ынтымақтастықтың мүмкіндікті бағыттарын атап өтті. Атап айтқанда, қалалық инфрақұрылымды дамыту, туризм, цифрлық технология, Smart City, өнеркәсіптік кооперация, логистика және тамақ өнеркәсібі салаларындағы әріптестікті кеңейтуге басымдық берілетінін жеткізді.

Қала әкімі Алматы Қазақстанның экономикасының елеулі бөлігін қалыптастыратын ең ірі экономикалық орталық екенін және шетелдік компаниялардың Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығуына мүмкіндік беретін маңызды алаң қызметін атқаратынын атап өтті.

Форум аясында Қазақстан мен Алматының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, екі елдің бизнес өкілдері арасында іскерлік кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға девелопмент, цифрлық шешім, тамақ өндірісі, логистика және инновация саласында жұмыс істейтін Таиландтың жетекші компанияларының басшылары қатысты.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен Таиланд арасындағы тауар айналымы 130 млн АҚШ долларына жетіп, 7,1 пайызға артты. Бүгінде Алматыда тай капиталы бар 24 кәсіпорын тіркелген.

Форум Қазақстан мен Таиланд арасындағы жаңа бірлескен жобаларды талқылауға және іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға арналған тиімді диалог алаңына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салтанат Құсайынова: «“Болашақ” – халықаралық тәжірибе мен ұлттық мүддені жалғайтын алтын көпір»

Бүгін 16:19

Алматыда әскери институт 25-ші мерейтойлық түлектерін қанат қақтырды

Бүгін 16:09

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына баса мән беретінін жеткізді

Бүгін 15:35

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру»

Бүгін 15:33

1 шілде күні мемлекетіміздің Бас құжаты – Конституция заңды күшіне енеді

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);