Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі «Қалқаман» жаңа метро бекетінің құрыл...

Алматы әкімі «Қалқаман» жаңа метро бекетінің құрылыс барысымен танысты

Барлығы 19.03.2025, 14:47 784
Алматы әкімі «Қалқаман» жаңа метро бекетінің құрылыс барысымен танысты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев болашақ «Қалқаман» метро бекетінің құрылыс алаңына барып, қаланың маңызды инфрақұрылымдық нысандарының біріндегі жұмыс барысымен танысты.

 

Метро бекеттің құрылысы 2020 жылы басталды, бірақ Наурызбай ауданының қарқынды дамуына байланысты 2022 жылы оның трассировкасы мен орналасуы қайта қаралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 

 Жаңа жобада жерасты тоннельдерінің ұзындығы 1,98 км болады, ал бекет Абай даңғылы бойында, Әшімов көшесінен батысқа қарай орналасады. Платформаның ұзындығы 98 метр, ал оған іргелес аумақта 380 автотұрақ орны және 28 автобус тұрақ орны қарастырылады. Жобаның бас мердігері – «BCN-Group» (бұрынғы Bazis Construction).

2024 жылы қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қарамастан, қазіргі уақытта жаңа бекет үшін қазылған шұңқырды әзірлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сол жақ тоннельді қазу жұмыстары 100% аяқталды. Бастапқыда екі тоннельде бірден екі қазу кешенімен қазу жұмыстары тәулігіне орташа 3 метр жылдамдықпен жүрді. Алайда, құрылғылардың бірінің істен шығуына байланысты оң жақ тоннель бойынша тек 559 метр қазылды, ал жоспар бойынша 1587 метр болуы керек еді.

2024 жылы жобаны жалғастыру үшін 28 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа екінші тоннельді қазу, жер қазу және бетондау жұмыстары, сондай-ақ қажетті жабдықтарды сатып алу жоспарланған.

«BCN-Group» директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович қазіргі уақытта құрылыс алаңында 150 маман және 50-ден астам арнайы техника жұмыс істеп жатқанын, жұмыстар үш ауысымда жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сапар барысында Ерболат Досаев мердігерге бөлінген қаражатты толық игеруді тапсырды. Қала басшысы құрылыс қарқынын жеделдету үшін жұмыс ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтіп, нысанды 2026 жылдың қаңтарына дейін аяқтауды міндеттеді.

 

Әкім мердігерге қосымша қазу кешенін іздеп, оң жақ тоннельді екі жақтан бір уақытта қазуды жалғастыруды ұсынды. Сонымен қатар, қосымша ресурстарды жұмылдыруды ескере отырып, жаңартылған жұмыс кестесін тез арада ұсыну тапсырылды.

 

Бұл метро бекетінің ашылуы қаладағы көлік қозғалысын жақсартып, метро пайдаланушыларының санын тәулігіне 30 мың адамға арттырады. Мысалы, «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» бекеттері іске қосылғаннан кейін метро жолаушыларының саны 50 мыңнан 110 мың адамға дейін көбейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалқаман #жаңа бекет #метро
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика