Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі қалалық инфрақұрылымның негізгі нысан...

Алматы әкімі қалалық инфрақұрылымның негізгі нысандарын аралап шықты

Барлығы 28.06.2025, 17:04 630
Алматы әкімі қалалық инфрақұрылымның негізгі нысандарын аралап шықты
Алматы әкімдігі

Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алмалы және Медеу аудандарындағы бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысанның жағдайымен және жұмыс барысымен танысты.

Нысандардың бірі Панфилов көшесінің-Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі учаске болды, онда абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл - Алмалы ауданы әкімінің аппараты іске асырған жоба. Асфальт жабыны жаңартылды (8500 ш.м.), жаңа гранит төсеніштер төселді және қалпына келтірілді (барлығы 5500 ш. м.), 151 орындық, баллардтар, балалар және спорт алаңдары орнатылды. Қолөнершілерге арналған павильондар, "Визит-орталық" және "Полиция" модульдері салынды. 2,6 шақырым жаңа жарықтандыру кабельдері созылып, екі құрғақ субұрқақ жөнделді. Жасыл аймақ 3800 шаршы метрге кеңейтілді: 13 мыңнан астам көпжылдық, 45 ағаш отырғызылды және 6500 шаршы метр көгал егілді.

Сондай-ақ, әкімге Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейінгі Жібек Жолы даңғылындағы жаяу жүргіншілер аймағын – Арбатты алдағы реконструкциялау тұжырымдамасы ұсынылды. Мұнда кейінгі күрделі жөндеу 2017 жылы жүргізілді. Жаңа жоба ірі өлшемдерді пайдалана отырып, көгалдандыруды ұлғайтуды, интерактивті элементтері бар заманауи жарықтандыруды, әткеншектері бар демалыс аймақтарын жасауды, балалар мен спорт алаңдарын жаңартуды, зақымдалған төсемдерді ірі форматты төсемдерге ауыстыруды көздейді. Жұмыс 2025 жылдың тамызында басталып, 2026 жылдың маусымында аяқталады деп  жоспарланып отыр.

— Орнатылған барлық нысан бірыңғай архитектуралық стильге сәйкес келуі керек. Біз үздік халықаралық тәжірибелерді қолданып, сапалы қоғамдық кеңістіктер санын ұлғайтуға тиіспіз, - деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

Сапар аяғы Назарбаев даңғылында орналасқан Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицейде аяқталды. Назарбаев даңғылында орналасқан Жамбыл Жабаев. Оқу орнында сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Лицей 200 оқушыға арналған, онда зертханалары бар әрі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажет жағдайлар қарастырылған.

- Қалалық инфрақұрылым орталықта да, тұрғын алаптарда да біркелкі дамуға тиіс. Сапа стандарттарын сақтау, тұрғындардың сұраныстарын ескеру және мерзімдерді қатаң қадағалау қажет, - деп атап өтті қала әкімі.

Дархан Сатыбалды барлық жұмыстың аяқталуына және объектілердің уақтылы тапсырылуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #нысан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика