Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кез...

Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті

Әлеумет 18.08.2022, 04:13 990
Алматы әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Наурызбай ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесуге 250-ден астам адам келді деп хабарлайды, Аlmaty-akshamy.kz.


Қала әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, ауданның негізгі өзекті мәселесі халықты сумен қамтамасыз ету болып қала береді. Жағдайды шешу үшін «Қарғалы» және «Ақсай» екі су қоймаларының құрылысы жүргізілуде.


«Қарғалы» бойынша жұмыстар 80%-ға аяқталды. Әкімнің айтуынша, Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында қосымша рұқсат құжаттарды алу қажеттілігіне байланысты құрылыс уақытша тоқтатылды. Бүгінде жұмыстар қайта жанданды. Су тартуды тапсырудың жоспарланған мерзімі 2023 жылдың 3 тоқсаны.



«Ақсай» су қоймасы бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлінді, мердігерлік ұйым анықталды, құрылыс жүргізілуде. Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі 2025 жылдың 3 тоқсаны. Жазғы уақытта, «Ақсай» жобасын іске асыру кезеңінде сорғы станциялары бар магистральдық су тартқышы салынатын болады, ол Алматы жер асты суларынан толығады.




Жол инфрақұрылымының сапасын арттыру мақсатында "Таусамалы", "Тастыбұлақ" шағынаудандарында ұзындығы 10 км 6 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін ауданда ұзындығы 49 шақырым болатын 50 көшені жөндеу жұмыстары жоспарланған.


Қала әкімі атап өткендей, жауын-шашын кезінде су басу мәселесі ауданда ерекше өзекті мәселе болып қалуда. Аудан бойынша тұрақты су басудың 6 учаскесі анықталды. Мәселені толық шешу үшін, ТЖ желісі бойынша жыл соңына дейін Ойжайлау өзенінің арнасы нығайтылады, Райымбек даңғылы бойымен Ақсай өзеніне дейін бұру каналы жайластырылады, ұзындығы 800 метр арық желісі салынды.



Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында ауданда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне қарай 2 400 орындық 2 мектеп ашу жоспарланған. Жыл соңына дейін 2700 орындық тағы 2 мектептің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, "Шұғыла" шағынауданында 2023 жылдың 3 тоқсанына 1200 орындық екі мектепті тапсыру жоспарланған. "Құрамыс" шағынауданында 2800 орындық мектептер салынады.



Мектепке дейінгі орындар тапшылығы мәселесін шешу үшін ағымдағы жылы "Шұғыла" шағынауданында 320 орындық балабақша құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың 2 тоқсаны. Сонымен қатар, 800 орындық 3 балабақша бойынша ЖСҚ әзірлеуге құжаттама дайындалуда.


Мегаполис әкімінің айтуынша, ауданда емханалардың шамадан тыс жүктелуі мәселесі өткір тұр. Бұл мәселені шешу үшін 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.



«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 600 млн теңгеге, яғни 1 млрд 800 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. 47 жоба іріктеліп алынды, оның 20-сы аяқталды. Аталған жобалар аясында балалар, workout алаңдары, спорт аймақтары, жаяу жүргіншілер мен саябақ аймақтарын абаттандыру қарастырылған.



Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.


Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсанына 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Наурызбай #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әнші Рахат Тұрлыханов полиция бөліміне әкелінді

Бүгін 14:59

Бүгін - Қадір түні. Қасиетті түнді қалай өткізу керек?

Бүгін 14:39

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Бүгін 14:28

Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарының бірі — «Алау» жаңартылуда

Бүгін 14:25

Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика