AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан мемлекетті...

Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті

Барлығы 11.07.2025, 15:47 744 Сұлу
Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік марапаттарды табыс етті
Алматы әкімдігі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің мәдениет және еңбек ұжымдарының көрнекті өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

«Отан» орденімен отандық әдебиетті дамытуға, рухани құндылықтарды сақтауға және қазақ мәдениетін ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін белгілі қазақстандық жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов марапатталды. Салтанатты рәсім 2025 жылы елімізде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.

Тынымбай Нұрмағанбетовті құттықтай отырып, Алматы әкімі жазушыға көп жылғы әдеби қызметі, ұлттық идеяға адалдығы және Қазақстанның рухани мұрасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Тынымбай Нұрмағанбетұлы Нұрмағанбетов - қазіргі қазақ прозасының жарқын өкілдерінің бірі, еңбек ардагері. 1945 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, сондай-ақ, Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтының жанындағы Жоғары әдеби курстарды бітірген.

Жарты ғасырдан астам шығармашылық қызмет барысында жазушы оннан астам жинақ шығарды, оның ішінде «Қауын иісі», «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы», «Тұнық су», «Айқай» және басқалары бар. Жазушы шығармалары ірі одақтас баспаларда жарық көрді, орыс және басқа да бірқатар тілге аударылды. Ал оның пьесалары желісімен қойылымдар қазақ театрларының сахналарында қойылып келеді. 

М. Горький атындағы Бүкілодақтық жастар сыйлығының және  Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Тынымбай Нұрмағанбетов қазақ мәдениетін байытуға және қоғамның рухани дамуына баға жетпес үлес қосты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Аханаев Дөнесбай Өтепбайұлы марапатталды. Ол - «Алматы Су» МКК Түрксіб аудандық пайдалану учаскесінің слесарі.

Кәсіпорында жұмыс істеген кезден бері Дөнесбай Өтепбайұлы өзін кәсіби білікті, еңбекқор, жауапты және іскер қызметкер ретінде көрсетті. Апатты учаскелерге жедел барып, шұғыл және ұтымды шешімдерді дереу қабылдау қабілетімен ерекшеленеді.

«Алматы Су» МКК Жетісу аудандық пайдалану учаскесінің слесарі Литвинов Дмитрий Александрович те «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Дмитрий Александрович өзінің күнделікті қажырлы еңбегі арқылы Алматы қаласының су құбыры желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Соның арқасында шаһардың он мыңнан асатын тұрғыны сапалы және тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Мемлекеттік марапаттар көп жылғы адал еңбек, жоғары кәсібилік, қала шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлес үшін табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #марапаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);