Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездест...

Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті

Әлеумет 08.12.2022, 03:51 1,079
Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Медеу ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 350-ден астам адам келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Ауданда инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту өзекті мәселе болып қала береді. Бүгінгі күні шамамен 6 км су құбыры желілері қайта жаңартылды. Сорғы станциялары мен "Думан" шағынауданында 1800 текше метрге 2 резервуар салу жұмыстары жалғасуда. 2023 жылы "Көлсай", "Сұлусай", "Компот" және "Кеңсай" шағынаудандарында ұзындығы 62,7 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы басталады.


Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл басынан бері 27,2 шақырым жол жөнделіп, 18 шақырымнан астам тротуар салынды. Келесі жылы тағы 84 шақырымға жуық жолдар мен тротуарлар абаттандырылады. Жылжымалы құрамды жаңарту үшін 9 бағыт бойынша 100 автобус сатып алынды. Аудан тұрғындарының өтініші бойынша Қалдаяқов көшесінен «Геолог» бау-бақша серіктестігіне дейінгі тағы бір жаңа бағыт іске қосылады.



Сондай-ақ, қала әкімі ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы хабардар етті. Жол бойында және қиылыстарда 123 «Сергек» камерасы орнатылды, 2023 жылдың бірінші жартысында тағы 58 камера орнатылады.  Азаматтардың қауіпсіздігі үшін ауданда 213 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, желтоқсан айында олардың саны 355 бірлікке жеткізіледі.




Ауданда тұрақты су басу орындарын жою аясында 7 учаске бойынша жұмыстар аяқталды. Ұзындығы 5 км арық желілерінің құрылысы басталды. Осы жоба шеңберінде 2023 жылдың соңына дейін 26 көшеге барлығы 23,6 км арық желісі салынып, қайта жаңартылатын болады.


Өткен кездесулерде "Кеңсай" шағынауданының тұрғындары ұялы байланыс пен интернеттің сапасын жақсарту мәселесін көтерді. Бүгінгі таңда KCELL ұялы байланыс операторының 2 базалық станциясы күшейтілді. Beeline және Tele2 компаниялары жыл соңына дейін 2 станция орнатуды жоспарлап отыр. Байланыс сапасын жақсарту бойынша "Мұзтау" шағынауданында да жұмыстар жүргізілуде.


Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін 520 оқушы орынға арналған қосалқы нысандардың, екі мектеп және «Жанұя» мамандандырылған кешен құрылысының ЖСҚ әзірленуде. №131 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 5 денсаулық сақтау объектісінің (оның ішінде отбасылық-дәрігерлік амбулатория, емхана, жедел жәрдем қосалқы станциясы, аурухана) құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2023-2024 жылдарға қала әкімдігі "Шығыс қақпасы" полиция орталығының аумағында ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл онкологиялық орталығы бар 250 төсектік көпсалалы аурухананың құрылысы.


«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда биыл 19 жоба іске асырылды. Оның ішінде абаттандыру бойынша-11, терең контейнерлерге арналған алаңдарды орнату бойынша – 8.  Келесі жылы дауыс беру қорытындысына сәйкес келіп түскен 170 ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу – 12, қоғамдық кеңістікті абаттандыру – 11 және тереңдетілген контейнерлерді орнату – 7.


Қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Кіші Алматы өзенінің терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару процедурасы  жүргізілуде. Балансқа қабылданғаннан кейін бөгетті нығайту және алматылықтардың сүйікті орындарының бірінің аумағын абаттандыру бойынша жеке жоба әзірленетін болады.


Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т.б. мәселелерін көтерді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізді – 8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына бір кездесу.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы бойынша ақпараттық кездесу өтті

Бүгін 18:08

Ел өңірлерінде 40 градусқа дейін аяз болмақ

Бүгін 17:45

Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды

Бүгін 17:21

ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды

Бүгін 17:20

Елімізде екі күн қатарынан өскен доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі