AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / ҚазҰУ-дың халықаралық бастамалары: ICESCO мәртебес...

ҚазҰУ-дың халықаралық бастамалары: ICESCO мәртебесі және Қытайдағы Әл-Фараби орталығы

Алматы Бүгін 09:48 26
ҚазҰУ-дың халықаралық бастамалары: ICESCO мәртебесі және Қытайдағы Әл-Фараби орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Философия. Ізгілік. Болашақ» атты Халықаралық Фараби симпозиумы аясында маңызды үш ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алғашқы келісім негізінде философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасына  Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO)  өкілдігінің мәртебесі берілді. Өкілдік жұмысы негізгі үш бағыт бойынша өрбиді. Ғылыми-зерттеу қызметі аясында дінтану, мәдениеттану саласындағы зерттеу жұмыстары тереңдетіліп,  ислам әлемі мен Орталық Азияның ортақ тарихи-мәдени мұрасы зерделенеді. Білім беру және әлеуетті арттыру бағыты бойынша ICESCO-ға мүше мемлекеттердің студенттері мен зерттеушілері үшін арнайы курстар, кәсіптік даярлау бағдарламалары әзірленіп, жазғы мектептер мен академиялық ұтқырлық ұйымдастырылады. Ал диалог және ағартушылық шеңберінде халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп, ғылыми жарияланымдар дайындалады. Ресми құжатқа ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев пен ICESCO бас директоры Сәлім Әл-Мәлік қол қойды.

Екінші меморандум аясында ҚазҰУ базасындағы «Әл-Фараби» ғылыми-мәдени орталығының кезекті филиалы Қытай Халық Республикасының Чжэнчжоу университетінде ашылады. Мұнда бірлескен жарияланымдар мен аудармалар әзірленіп, ғылыми басылымдар дайындау қолға алынады. Сондай-ақ авторлық құқықтарды қатаң сақтай отырып, тақырыптық кітапхана мен электрондық ғылыми ресурстар базасын құру жоспарланған. Болашақта өзге де халықаралық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу қарастырылған.

Үшінші меморандум ҚазҰУ мен Малайзия халықаралық ислам университеті арасындағы білім беру саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған. Келісім аясында оқытушы-профессорлар мен қызметкерлердің іссапарлары мен студенттер үшін қысқа мерзімді бағдарламаларды ұйымдастыру көзделген. Сондай-ақ қос университет ғалымдарының күші біріктіріліп, зерттеушілердің ғылыми жобаларына қаржы бөлінеді және беделді журналдарда бірлескен мақалалар жарияланады.

Шара барысында ресми құжаттарға ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев пен екі университеттің басшылығы қол қойды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#симпозиум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда демеушілер есебінен тағы бір сквер пайда болады

Кеше 21:07

Нұрлыбек Нәлібаев «Londian Wason» және «NAIKAN» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 20:30

ӘСЕМ ОРЫНБАЙ 2028 ЖЫЛЫ ЛОС-АНДЖЕЛЕСТЕ ӨТЕТІН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ

Кеше 19:34

Алматының Бостандық ауданында абаттанған бес жаңа қоғамдық кеңістікті таныстырды

Кеше 17:38

Алматыда жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);