AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі Ерболат Досаев TAV Airports Holding б...

Алматы әкімі Ерболат Досаев TAV Airports Holding басшылығымен кездесті

Әлеумет 19.08.2022, 03:15 1,132 Almaty-akshamy
Алматы әкімі Ерболат Досаев TAV Airports Holding басшылығымен кездесті
Сурет: Әкімдік

Жаңа терминалдың құрылысы талқыланды


Алматы әкімі  Ерболат Досаевтың TAV Airports Holding жаңа бас директоры Серкан Каптан және Алматы халықаралық әуежайы басшылығымен кездесуі барысында жаңа терминалдың ағымдағы құрылысы бойынша мәселелер талқыланды. Тараптар бұдан  былай да  өзара ынтымақтастыққа  дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Жаңа терминалдың іске қосылуы жолаушыларды өткізу қабілетін жылына 7 миллионнан 14 миллионға дейін арттырады және  қаланың бүкіл Орталық Азиядағы  транспорттық-логистикалық хаб ретіндегі  позициясын нығайтады.



«Алматы үшін әуежайды дамытуға бағытталған мәселелер өте  маңызды. Өйткені, әуежай қаланың әуе қақпасы әрі әуе алаңы болып табылады. Расында да, қаламыздың болашақта дамуы әуежайдың жағдайына, оның инфрақұрылымына, сервис деңгейі мен ыңғайлылығына тікелей байланысты. Бізде Алматының жоғары мәртебесіне лайық барлық халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи терминал болуы тиіс. Өз тарапымнан қаланың бұдан былай да жобаға қолдау білдіретінін растаймын», – деді Ерболат Досаев.  



Кездесу барысында Алматы халықаралық әуежайының даму перспективалары мен шеберлік- жоспарларын жылдың аяғына дейін  әзірлеу және әуежай аумағындағы транспорттық инфрақұрылымды бірлесіп дамыту шаралары талқыланды. Мегаполис басшысы осы  құжаттың ағымдағы жылдың аяғына дейін қабылданатын қаланың бас жоспарымен сәйкес болуы тиіс екенін атап өтті. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #әкім #терминал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика