ffin.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Алматы  әкімі Ерболат Досаев кәсіпкерлермен кездесу өткізді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда бизнес-қауымдастық өкілдерінің қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуі өтті.


Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП президиум төрағасы Райымбек Баталов, қала кәсіпкерлері, салалық қауымдастықтар өкілдері, құқық қорғау және қадағалау органдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгінде  мегаполистің шағын және орта бизнесі қала экономикасының жартысына жуығын (47,5%) құрайды және қалалық жұмыспен қамтудың 65%-ын қамтамасыз етеді. Ерболат Досаев сөзінің барысында қалада іскерлік ахуалды жақсарту және ШОБ-ты белсенді дамыту әкімдік жұмысының басты басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасының» 7 негізгі бағытының бірі дәл осы тұрақты экономикалық өсу болып табылады.



«Алматының болашақтағы дамуының жетістігі мен жоспарларымыздың жүзеге асуы, ең алдымен, оның экономикасының тұрақты өсуімен, тұрақты қаржылық табыстармен және кәсіпкерлеріміз бен сыртқы инвесторлар үшін  жайлы іскерлік ахуалмен анықталатынына нық сенімдімін», - деді қала әкімі.



Ерболат Досаев қала әкімдігі қалалық бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Онлайн-қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін almatybusiness.gov.kz веб-порталы іске асырылды кәсіпкерліктің цифрлық картасын дамыту жалғасуда, жаңа несие өнімдері енгізілді, пайыздық мөлшерлеме төмендеді және т.б. Жалпы ШОБ дамыту мақсатында ағымдағы жылы Алматыда мемлекеттік және қалалық бағдарламалар бойынша 47,6 млрд теңге бөлінді, 1,3 мыңнан астам жоба мақұлданды.


Кездесуге қатысушылар Алматының геоақпараттық картасын жетілдіру, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын тексеру, жеке білім беру саласын дамыту және т.б. мәселелерді көтерді, барлығы 3 сағатқа созылған кездесуге 180-нен астам бизнес өкілдері қатысты.


Кездесу соңында Ерболат Досаев кездесуге қатысқандардың барлығын алдағы Қала күнімен құттықтады, Алматының дамуына қосқан үлестері үшін бизнес-қоғамдастық өкілдеріне алғысын білдірді және осындай шараларды тұрақты негізде өткізу жөніндегі ұсынысты қолдады.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04