конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімі Дархан Сатыбалды АҚШ тәуелсіздігінің...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты

Алматы 30.06.2026, 15:50 232
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты
Алматы әкімдігі

Заманауи өнер музейінде Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джули Стаффт және АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін қатысты.

Салтанатты рәсім Қазақстан мен АҚШ мемлекеттік әнұрандарының орындалуымен басталды. Қонақтарды АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффт құттықтады.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды құттықтау сөзінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі екенін айтты.

«Биыл Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 35 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде екі елдің өзара байланысы берік әрі сенімді кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді», – деді Дархан Сатыбалды.

Шаһар басшысы жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтың арқасында екіжақты ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Алматының Қазақстан мен Орталық Азияға шығатын америкалық бизнес үшін табиғи қақпа ретіндегі рөліне ерекше тоқталды.

Қазіргі уақытта Алматыда америкалық капитал бар 400-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен АҚШ арасындағы сыртқы сауда айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты.

Дархан Сатыбалды Алматыда АҚШ Бас консулдығының жаңа кешенін салу жобасының маңызын да атап өтті. Оның айтуынша, бұл жоба қаланың өңірлік дипломатиялық, іскерлік, гуманитарлық және қаржы орталығы ретіндегі рөлін күшейтеді.

Әңгіме арасында туристік және көлік байланысын дамытуға да мән берілді. 2025 жылы Алматыға АҚШ-тан 24 мыңнан астам турист келген. Ал 2027 жылға жоспарланған «Алматы – Нью-Йорк» тікелей әуе рейсінің іске қосылуы екіжақты байланыстың дамуына жаңа серпін бермек.

Ресми бөлімнің шарықтау шегі ретінде іс-шараның «Let freedom ring» («Азаттық үні асқақтай берсін») тақырыбы аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, АҚШ Елшісі Джули Стаффт және Бас консул Мишель Еркин символикалық қоңырау соқты.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың қаңтарында орнатылды. Бүгінде екі ел өзара құрметке, ортақ мүддеге және болашаққа деген сенімге негізделген кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Бүгін 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Бүгін 20:40

Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді

Бүгін 20:37

ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді

Бүгін 20:34

Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады

Бүгін 20:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);