Әуезов ауданында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 250-ден астам адам келді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
Ауданда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту өзекті мәселе болып қала береді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жалпы ұзындығы 75,8 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жобалануда. Құрылыс 2023 жылдың 2-ші тоқсанында басталып, 2024 жылдың соңына қарай аяқталады. Жоба ауданда 11 мыңнан астам абонементті сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, аудандағы жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 24,5 км болатын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың қараша айының соңына дейін Саин (4,7 км) және Навои (1,8 км) көшелерінде жолдарды орташа жөндеу аяқталады.
Ауданда қатты жауын-шашын кезінде су басу мәселесі өзекті болып қала береді. ТЖ желісі бойынша 4 учаскені жою жұмыстары жүргізілуде (диаметрі 1 м, Райымбек даңғылы – Момышұлы көшесі және Яссауи көшесіне өту жолымен), жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша ауданда 168 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту үшін қазан айында адамдар көп жиналатын жерлерде және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында қосымша 359 камера орнату басталды. Барлық камералар 2022 жылдың соңына дейін орнатылады.
Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін 1 қыркүйекке қарай 1 725 орынды №117 және 132 мектептерге 2 қосымша нысандар пайдалануға берілді және 400 орындық "Достық" жекеменшік мектебі ашылды. 4 мектепте (№122, 127, 141, БИЛ) сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жалғасуда. Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың 4 тоқсаны.
Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын қысқарту мақсатында ағымдағы жылы 348 орындық 6 жекеменшік балабақша ашылды. Ауданда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салу жұмыстары жүргізілуде. "Алтын бесік" шағынауданында 120 орындық бірінші балабақшаның құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Екінші нысан бойынша ЖСҚ әзірлеу келесі жылы басталады.
Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "Мамыр-1" шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды 2023 жылдың I тоқсанында аяқтау жоспарлануда, сондай-ақ "Қуаныш" шағынауданында ауысымда 300 адам қабылдайтын №18 емхананың жаңа негізгі ғимаратының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Биыл ауданда 23 жоба аяқталды. 17 қоғамдық кеңістік, 4 шағын жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылып, 2 автоматты суару жүйесі орнатылды.
Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т.б. мәселелерін көтерді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – 8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына бір кездесу.