AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігінің грант иегерлері ретінде 120 ад...

Алматы әкімдігінің грант иегерлері ретінде 120 адам резидентурада оқитын болды

Әлеумет 02.09.2022, 04:39 1,590
Алматы әкімдігінің грант иегерлері ретінде  120 адам резидентурада оқитын болды
clinica-opora.ru

ҚР ДСМ «Өңірлерде медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» Жол картасын, сондай-ақ «Алматы қаласында медицина кадрларының тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» Жол картасын іске асыру мақсатында 2021 жылдан бастап Алматы қаласының әкімдігі талап етілетін клиникалық мамандықтар бойынша дәрігерлерді резидентурада оқытуға қаржы бөліп келеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



Қазіргі уақытта 2021 жылы оқуға түскен 108 маман резидентурада оқуын жалғастыруда. 2022 жылы 120 резидентті аса тапшы дәрігерлік мамандықтар бойынша оқытуға жергілікті бюджеттен 2-3 оқу жылының ұзақтығына орай қаржы бөлінді. Мамандықтар бойынша гранттардың ең көп саны резидентураға анестезиология және реаниматология (2021 жылы – 35 орын, 2022 жылы – 10 орын), жұқпалы аурулар (2021 жылы – 15 орын, 2022 жылы – 8 орын), педиатрия (2021 жылы – 6 орын, 2022 жылы – 8 орын), офтальмология бойынша бөлінді (2021 жылы – 6 орын, 2022 жылы – 11 орын).



2023 жылға қажетті мамандықтар бойынша резидентураға 130 грант және «эпидемиология» мамандығы бойынша магистратурада 10 орын оқыту жоспарланған.


Ағымдағы жылдың 24 тамызында резиденттерді даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілді. Бекітілген қағидаға сәйкес, конкурстық комиссияның құрамы Алматы қаласы әкімінің өкімімен бекітілген және жергілікті атқарушы органның қызметкерлерінен, азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады.



Алматы әкімдігінің білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін медициналық университеттер түсу емтиханы бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлердің тізімін береді. Ағымдағы жылы конкурсқа 284 үміткер қатысты. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Алматы әкімдігінің грантына 120 қатысушы ие болды.



Білім беру грантының иегерімен Алматы қаласының медициналық ұйымдарында тиісті мамандық бойынша 5 жыл жұмысты өтеу туралы резиденттің міндеттеме тармағымен үш жақты шарт жасалады.


Резиденттер тізімімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);