Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігінде мүлік иелері бірлестігіне өту б...

Алматы әкімдігінде мүлік иелері бірлестігіне өту барысы туралы айтылды

Әлеумет 31.05.2022, 10:52 1,583
Алматы әкімдігінде мүлік иелері бірлестігіне өту барысы туралы айтылды
Сурет: Іnform.kz

2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ПИК өз жұмысын тоқтатады.


Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігіне ( МИБ) немесе жай серіктестіктерге (ЖС) көшулері тиіс.


МИБ-нің ЖС-ден айырмашылығы:


МИБ - бұл коммерциялық емес ұйым  (КЕҰ) болып табылатын заңды тұлға және оған салық салу КЕҰ-да қолданылатын нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. МИБ-тер Әділет министрлігінде тіркелуі және орардың өз жарғысы болуы  тиіс.


Жай серіктестік - бұл пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің заңды тұлға құрмай, тікелей бірлесіп  басқаруы. Тіркеу және жарғы талап етілмейді.


Бүгінде  Алматыда 4 294 көп пәтерлі тұрғын үйді (КПТҮ) қамти отырып, басқарудың 3 983 жаңа нысаны тіркелген, оның ішінде 857 МИБ және 3 126 ЖС, бұл нәтижесінде басқарудың жаңа нысандарына көшуге жататын КПТҮ жалпы санының 60,2%-ын құрайды.


Тұрғын үй саясаты басқармасы қалалық ЖОЛ картасын, тұрғындар арасында жиналыстар өткізу кестесін бекітті. ТКШ реформасы басталғаннан бері эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шамамен 3 500 КПТҮ қамтумен 1 300 жиналыс өткізілді. Сондай-ақ, ZOOM арқылы тұрғындармен 200-ге жуық онлайн-кездесу ұйымдастырылды.


Қазіргі уақытта ТКШ реформасын іске асыруда кейбір проблемалық мәселелер бар:



  • ПИК-тің үйді МИБ-ке, КПТҮ-ге құжаттар мен ақша қаражатын беруден бас тартуы. Бұл мәселелер көптеген жағдайларда сот шешімімен жүзеге асырылады, өйткені басқару органдарының төрағалары қабылдау-тапсыру актісіне өз еркімен қол қоюдан бас тартады.

  • пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум құрамына енгізілмеген үй жанындағы және аула аумақтарын тазартудан бас тартады;

  • ақша қаражатының аз түсуіне байланысты үйлерді күтіп-ұстаудағы қиындықтар.


Барлық проблемалық мәселелер бойынша ҚР ИИДМ-ге хаттар жолданды. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің қаулысы бойынша Алматы қаласы ТКШ реформалау жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізілді.


 


МИБ және ЖС  құру үшін қандай қадамдар жасау керектігін естеріңізге саламыз:


1-қадам. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері алдағы жиналыс туралы (жиналыс өткізілгенге дейін 10 күн бұрын) хабардар болуы тиіс.


Жиналыс   меншік иелерінің кемінде 10%-ынан тұратын бастамашыл тобы арқылы шақырылады.


2-қадам.  Күн тәртібі белгіленеді:


 - басқару түрін таңдау ( МИБ, ЖС);


- МИБ төрағасын немесе ЖС-тің  сенімді өкілін сайлау (1 жыл мерзімге);


-үй кеңесінің мүшелерін сайлау (кемінде 3 меншік иесі, 3 жыл мерзімге);


- Тексерушіні немесе тексеру комиссиясын сайлау (кемінде 3 меншік иесі, 3 жыл мерзімге);


- жарғыны бекіту.


3-қадам. Жиналыс өткізу.


Меншік иелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде шешім қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады.


Кворум болмаған жағдайда жазбаша сауалнама жүргізіледі.


4-қадам. Жазбаша сауалнама.


Пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың жартысынан астамының қатысуымен шешім қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады.


5-қадам.  Дауыс беруді қорытындылау.


Тіркеу және дауыс беру парақтарын қосып, хаттаманы ресімдеу.


6-қадам. МИБ-ін тіркеу.


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ тіркеу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі:


- Өтініш;


- Жиналыс хаттамасы;


- Жарғының 2 данасы;


- Мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.


Тіркеу нәтижелері бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.


7-қадам. Ағымдағы және жинақ шотын ашу.


8-қадам. МИБ төрағасы жұмыс істеп тұрған басқару органына (ПИК, ПКСК, ПК) және тұрғын үй инспекциясына МИБ-тің құрылғаны туралы хабарлама жібереді.


9-қадам. Қызметтерді жеткізушілермен және сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасау. МИБ төрағасына мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және қабылдау-тапсыру актісін ұсынады


10-қадам. Өз үйлерін қамқорлықпен және жауапкершілікпен басқару.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #миб #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі