AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігінде Михаил Шайдоровты әлем чемпиона...

Алматы әкімдігінде Михаил Шайдоровты әлем чемпионатындағы күміс медалімен құттықтады

Әлеумет 14.04.2025, 09:11 1,002
Алматы әкімдігінде Михаил Шайдоровты әлем чемпионатындағы күміс медалімен құттықтады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігінде мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алуымен құттықтады

Михаил Шайдоров – жеке сырғанауда өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы. Бостонда өткен әлем чемпионатында ол күміс медальға ие болды. Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшыны құттықтап, бұл жетістіктің табандылық пен мақсаткерліктің жарқын үлгісі екенін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Алматы әкімдігінің атынан Михаил Шайдоровқа 2,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстап, оның отандық спортты дамытуға және қаланы халықаралық деңгейде танытуға қосқан зор үлесін ерекше айтты.

«Сіз қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың абыройын арттырып қана қоймай, жүздеген жас спортшыны өзіне сенуге және алға ұмтылуға шабыт бердіңіз. Ерекше алғысты жаттықтырушыңыз Әсем Робертқызы Қасановаға айтқым келеді. Ол өз ісіне деген жоғары кәсібилігімен, даналығы және шынайы адалдығымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері ретінде ол спорттың дамуына және мұз айдынында жаңа жұлдыздардың қалыптасуына үлкен үлес қосты», – деді Бейбіт Шаханов.

Өз кезегінде Михаил Шайдоров қолдау көрсеткені үшін әкімдікке алғыс білдірді.

«Мен қала әкімдігіне, алматылықтарға қолдау көрсеткені үшін өте ризамын. Бұл мені шабыттандырып, әрі қарай жетістікке жетуге күш береді. Бұл менің ғана емес, бүкіл елдің жеңісі, маған сеніп, осы жолда көмектескен көпшіліктің еңбегінің нәтижесі», – деді Михаил Шайдоров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Михаил Шайдоров #Бейбіт Шаханов. #күміс медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркиядан Қырғызстанға дейін: түркі әлемінің жастары Алматыны Қала күнімен құттықтады

Бүгін 09:56

Қала тұрғындары мерекеде қайда бара алады?

Бүгін 09:40

Қуыршақ театрында Қала күніне орай «Алматының алмасы» спектаклінің тұсауы кесілді

Бүгін 09:35

Қонақжай қала: шетелдіктерге де құтты мекен

Бүгін 09:14

«Шабыт берген Алматы!»: Алматының сұлулығын жырға қосқан авторлар анықталды

Бүгін 09:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);