Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматы әкімдігі Yandex. Cloud компаниясымен ынтыма...

Алматы әкімдігі Yandex. Cloud компаниясымен ынтымақтастықты іске асырады

Экономика 30.06.2021, 14:49 1,940
Алматы әкімдігі Yandex. Cloud компаниясымен ынтымақтастықты іске асырады
almaty-akshamy.kz

30 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев пен Yandex.Cloud ЖШҚ бас директоры Олег Коверзнев онлайн-режимде мегаполис аумағында бұлтты технологияларды дамыту жөніндегі келісімге қол қойды.




Алматы Yandex.Cloud-тың жергілікті билік өкілдерімен ынтымақтастық барысында қалалық қызметтердің атқаратын жұмыстарының тиімділігін арттыратын алғашқы қала болып табылады. 


Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев атап өткендей, ынтымақтастық барысында қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен өзара іс-қимылды жақсарту, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін жобаларды іске асыру жоспарланды.


Баян Қоңырбаев қаланың байланыс орталықтарының бірін роботтандыру жөнінде мысал келтірді.
 
«Түскен қоңыраулардың барлығы автоматты түрде өңделіп,тиісті қала қызметтеріне жіберіледі. Мұнда дауысты көмекшілер деп аталатындар қызмет атқарады. Бұл байланыс орталықтарының жұмыстарын жеңілдетеді", – деді Б. Қоңырбаев.



Yandex.Cloud ЖШҚ бас директоры Олег Коверзнев "Дауысты көмекшілер" жобасы танымал "Алиса" көмекшісінің идеясына негізделгенін, бірақ бұл жаңа мүмкіндігі бар басқа өнім екенін айтты.
 
"Дауыстық көмекшілердің арқасында колл-орталығындағы сұраулар өңделетін болады. Бұл жұмыс Мәскеу қаласында індет кезінде қоңыраулар көп болғанда сыналды. Қоңыраулардың бір бөлігі роботтармен өңделді. Дауыстық көмекшілер бірқатар ресейлік банктерге, Ресей поштасына бейімделген. Бұл технологиялар Алматыда да енгізілетін болады", – деді О. Коверзнев.
 
Алматыда "1308" қалалық байланыс орталығы автоматтандырылды. Ал дауыс көмекшілерін қазақстандық ұялы байланыс операторлары қолданады. Бүгінде тек орыс тілінде қолданылады, бірақ алдағы айда қазақ тілінде сөйлеу жүзеге асырылады.


Сондай-ақ келісімшарт Yandex.Cloud-тың қала аумағында іске асырылатын хакатондар мен конкурстардың технологиялық серіктесі ретінде және жасанды интеллект пен үлкен деректер саласындағы пилоттық пен тесттік жобаларды қолдауды білдіреді.





 "Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша біз "Ақылды қала" бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Yandex.Cloud платформасымен келісімге қол қою арқылы біз ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен технологиялық бастамаларда оң нәтижеге қол жеткізуге үміттенеміз. Сондай-ақ, Алматы тұрғындары үшін цифрлық жобаларды іске асыруға тек бұлтты технологияларды ғана емес, Яндекс компаниясының басқа да өнімдерін ұсынамыз. Сондай-ақ үздік IT мамандардың 70%-дан астамы Алматыда тұрады, біздің міндетіміз олар үшін дамудың барлық жағдайын жасау", – дейді Алматы қаласы Цифрландыру Басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.
 
Орта мерзімді перспективада денсаулық сақтау саласындағы бастамалар, оның ішінде медициналық кескіндерді талдау, өңдеу мен сақтау үшін медициналық шешімдерді қолдау жүйелері бойынша әрі деректерді сақтау үшін бірыңғай жүйені құру жөніндегі ұсыныстар болады.



Yandex.Cloud ЖШҚ бас директоры Олег Коверзнев компанияның қолдауы арқасында алматылық кәсіпкерлер мен стартаптар өздерінің цифрлық өнімдерін жасай алатынын айтты. “Yandex.Cloud” идеяларға да, жобаларды сүйемелдеуге де көмектеседі.



“Бүгінде өміріміздің кез келген саласын цифрландыруға болады. Біздің платформа қала тұрғындарына мүмкіндік береді. Теория жүзінде емес, іс жүзінде стартаптардың қандай өнімдер жасай алатындығын көрсету. Біздің практикалық жұмыс келісімшартқа қол қойылғанға дейін басталды. Әрі қарай біз бүкіл Қазақстан білетін сәтті мысалдар мен нәтижелі істерді күтеміз", – деді Олег Коверзнев.



Yandex.Cloud өкілдері көптеген ресейлік фармацевтикалық компаниялар мен банктердің өз жүйелерін іске асыруға қолдау көрсеткендерін айтты. Мұндай тәжірибе Алматыда да енгізілетін болады. Қазақстанда қазірдің өзінде оң нәтижелер бар. Бүгінде бірқатар отандық компаниялар вакансияларға үміткерлерді іріктеу, офис қызметкерлерінің жұмыс уақыттарын жүйелеу кезінде жаңа технологияларды қолдануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сагинтаев #волонтер #поздравление #Алматы #Yandex.Cloud #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика