Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы әкімдігі WorldSkills чемпионатының жүлдегер...

Алматы әкімдігі WorldSkills чемпионатының жүлдегерлерін ақшалай сыйлықтармен марапаттады

Спорт 27.12.2023, 06:01 1,107
Алматы әкімдігі WorldSkills чемпионатының жүлдегерлерін ақшалай сыйлықтармен марапаттады
almaty-akshamy.kz

Алматыда WorldSkills қозғалысын дамытудың қорытындысы шығарылды. «VIII WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін - Алматы қаласы құрама командасының өкілдерін құттықтады.



Болашақ жас мамандарды ынталандыру және қолдау мақсатында, сондай-ақ колледж студенттерінің республикалық деңгейдегі жетістіктерін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі 9 жеңімпазды ақшалай сыйлықтармен марапаттады: «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Прототиптеу», «Кіші сыныптарда оқыту», «Электроника»  атты  4 құзыреттілік бойынша 1 орын алғандарға 200 мың теңгеден, «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша 2 орын алғандарға 150 мың теңгеден, «Дәнекерлеу технологиялары», «Желілік және жүйелік әкімшіліктендіру», «Мобильді робототехника», «Визуалды мерчандайзинг және витринистика» 4 құзыреті бойынша 3 орын алғандарға  100 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді.




Еске салсақ, 23-25 қараша аралығында Астана қаласындағы «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының алаңында WorldSkills Almaty 2023 өңірлік чемпионатының жеңімпаздары WorldSkills Kazakhstan 2023 республикалық чемпионатына қатысты.


Алматы қаласының құрамасында 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы болды. Чемпионат қорытындысы бойынша Алматы құрамасы еліміздің 20 өңірі арасында жалпы медальдық есеп бойынша 2 орынды иеленді. Құраманың қоржынында - 4 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль. Жалпы медальдық есепте Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенттері үздік болып, құрғақ құрылыс, сәндік жұмыстар және дәнекерлеу технологиялары бойынша  жоғары шеберлік деңгейін көрсете отырып, барлық медальдарды жеңіп алды. Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің қатысушылары модельдер жасау, серверлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді баптау бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті. Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжінің қатысушылары электронды схеманы құру, құрастыру және бағдарламалау бойынша үздік болды. «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыретіне  қатысқан №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенттері педагогикалық шеберлік дағдылары бойынша алтын медальды жеңіп алды. Көрнекі сауда ережелерін қолдану, тауарларды тиімді орналастыру,құралдар мен технологияларды  ұтымды қолдану бойынша Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің білім алушылары қола медальды иеленді.



Байқауға қатысушылардың чемпионатта жоғары жеңістерге жетуіне ұзақ уақыт бойы қатысушыларды іріктеген және даярлаған сарапшы-компатриоттардың ықпалы зор болды.



«WSA сарапшылар қауымдастығына, конкурстық алаңдарды жоғары деңгейде ұйымдастырған қала колледждері мен олардың әлеуметтік серіктестеріне, республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға,  соңғы іріктеу турынан өткен және 2024 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысатындарға зор ризашылығымды білдіремін. Балаларымызға сәттілік тілейміз!»,- деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.




Айта кетерлігі, 2023 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 200 адам Түркия, Қытай, Финляндия, Германия, Италия, Швейцария, Франция, Бразилия, Эстонияның оқу орталықтарында халықаралық тағылымдамадан өтіп, WorldSkills халықаралық стандарттары аясында жаңа практикалық дағдыларды  игерді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #WorldSkills
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика