AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі тұрақты су басып қалудың себептері...

Алматы әкімдігі тұрақты су басып қалудың себептерін атады

Әлеумет 22.04.2022, 12:57 1,185
Алматы әкімдігі тұрақты су басып қалудың себептерін атады
almaty-akshamy.kz

Алматыда баспасөз туры барысында қаланы су басып қалуға қарсы шаралар туралы айтылды


Су басу проблемасын шешу мақсатында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша су шаруашылығы объектілерінің техникалық жағдайына талдау жүргізілді. Нөсер кәріздерін, оның ішінде арықтар мен коллекторларды тексеру нәтижелері БАҚ-қа арналған баспасөз туры барысында көрсетілді.




Барлығы 56 учаске анықталды, оларды аздаған жауын-шашын кезінде үнемі су басып қалады. Негізгі себептер - кейбір учаскелерде арық желілерінің болмауы, нөсер кәрізімен қосылмаған арықтар, бұзылған арықтар, арықтарды жолдарға шығару, сондай-ақ жұмыс істемейтін, бітелген, көмілген коллекторлар.



Қала шекараларының үнемі кеңеюіне және халықтың өсуіне байланысты ағымдағы жүйе жаңбыр мен еріген судың көлеміне төтеп бере алмауда. Мәселені шешу үшін арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайтып, кейін бірыңғай желіге біріктіріп, реконструкциялау қажет.



Тексеру көрсеткендей, жауын және еріген суды бұруға арналған 16 коллектордың тек 4-і Алатау ауданында 2013-2018 жылдар аралығында салынған. Қалған 12-сі иесіз және қызмет көрсетілмейді, қоқыспен жабылған және бітелген, бұзылған, арық желілеріне қосылмаған.



Қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2022 жылдың наурыз айында қаланың арық жүйесіне инвентаризация жүргізілді. Нәтижесінде 1525 км арық желілері анықталды, олардың 1101 км жұмыс істейді, 424 км (27%) жөндеуді немесе реконструкциялауды қажет етеді, сондай-ақ ұзындығы 100 км жаңа арық желілерін салу керек.



Ағымдағы жылы қаланың жалпы ұзындығы 376 км арық желісін салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар басталады (батыс бөлігі – Алатау, Наурызбай, Әуезов аудандары, орталық бөлігі – Жетісу, Бостандық, Алмалы аудандары, шығыс бөлігі – Медеу, Түрксіб аудандары).



Бүгінде қаланың батыс бөлігінде ұзындығы 119 км арық желілерін салу және реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, іске асыру мерзімі – 2021-2023 жж. Бұдан өзге, осы жобамен желілерді  жасыл екпелерді суару үшін пайдалану көзделмеген, қолданыстағы коллекторларға жаңбыр және еріген суларды бұру ескерілмеген, ал бұл жекелеген учаскелерді су басып қалуға әкелген.




Осыған орай жобаны қолданыстағы арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайта отырып, оларды реконструкциялауды әрі құрылыс жұмыстарын тоқтатпай бірыңғай желіге қосу жоспарлануда. Бұл су басудан  сақтайды және жасыл желектерді суаруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қала #субасу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);