AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы әкімдігі Самал-3 шағынауданындағы саябақ құ...

Алматы әкімдігі Самал-3 шағынауданындағы саябақ құрылысына қатысты тұрғындардың өтінішіне пікір білдірді

Алматы 09.07.2026, 16:35 345
Алматы әкімдігі Самал-3 шағынауданындағы саябақ құрылысына қатысты тұрғындардың өтінішіне пікір білдірді
Алматы әкімдігі

Алматыда Самал-3 шағынауданының тұрғындары әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Меңдіқұлов және Қажымұқан көшелерінің қиылысындағы жер учаскесін саябақ салу үшін мемлекет меншігіне қайтаруды сұрап, қала әкімдігіне үндеу жолдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін аумағы 0,50 гектар болатын жер учаскесі жекеменшікте болған. 2020 жылы аталған учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешені мен бизнес-орталық салуға жобалау алдындағы құжаттама берілген.

Кейін қала әкімдігі тұрғындардың пікірін ескере отырып, бұрын берілген рұқсат құжаттарының күшін жойды. Сондай-ақ аталған жер учаскесін сатып алған инвестормен келісімге қол жеткізіліп, ол учаскенің жартысын – 0,25 гектарын қала меншігіне өтеусіз берді. Бұдан бөлек, инвестор өз қаражаты есебінен жақын маңдағы тұрғындардың келісімімен әзірленген жобаға сәйкес саябақ аумағын көріктендірді.

Жер учаскесінің қалған 0,25 гектар бөлігінде меншік иесі – «Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп» ЖШС іргелес аумақты көріктендірумен бірге жылыжай құрылысын жүргізіп жатыр. Жоба жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес, Сәулет және қала құрылысы басқармасы берген жобалау алдындағы құжаттар негізінде жүзеге асырылуда.

Әкімдіктің хабарлауынша, жоба аясында күрделі құрылыс нысандарын салу көзделмеген. Сонымен қатар жер учаскесі жекеменшікте болғандықтан және жоба оның нысаналы мақсатына толық сәйкес келгендіктен, берілген жобалау алдындағы құжаттардың күшін жоюға заңды негіз жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Бүгін 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);