ffin.kz

Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды

Алматы әкімдігі 55 жаңа жедел жәрдем көлігін сатып алды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін Алматыда жаңа медициналық көлікті салтанатты түрде табыстау өтті. 55 жедел жәрдем көлігінің кілтін қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова табыс етті.


Тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған жергілікті бюджеттен сатып алынған  «В» класына сәйкес келетін санитарлық автокөліктер әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдығымен жабдықталған: реанимациялық жабдықтар, дефибрилляторлар, электрокардиографтар, жасанды тыныс алу аппараттары және т.б.




Алматы қаласында жедел медициналық көмекті, уақтылы қолжетімділікті ескере отырып, Жедел медициналық жәрдемнің географиялық жағынан ыңғайлы орналасқан 12 қосалқы станциясы көрсетеді. 55 көлік барлық аудандық қосалқы станцияға таратылады. Бұл медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыратыны сөзсіз.



Алматыда күн сайын желіде 186 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп, 3 мыңға жуық шақыртуға қызмет көрсетеді.


2023 жылдың соңында жедел жәрдем бригадалары 1 миллионнан астам шақыруды қабылдады. Қоңыраулардың 93%-ы 1-3 санат бойынша уақтылы келумен қамтамасыз етілген.




  • 2023 жылдың соңында жедел жәрдем көлігінің тозуы 69 пайызды құрады.

  • Сатып алынған жаңа көлікті есепке алғанда, бүгінде тозу 46%-ды құрайды.

  • Көліктің тозу пайызын төмендету мақсатында биыл тағы 48 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған.

  • Алматы қаласы әкімдігі жедел медициналық көмекті дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.


Осылайша, 2023 жылы әкімдік жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, цифрландыруға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, симуляциялық орталықтың жабдығы мен үлгілерін сатып алуға, қызметкерлерді нысанды киіммен қамтамасыз етуге, медициналық құрал-жабдықты (дистанциондық ЭКГ, оттегі ингаляторы) сатып алуға мүмкіндік беріп, қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша сатып алынған санитарлық автокөліктерге уақтылы техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылды.


2024 жылға 4 қосалқы станса құрылысының жобалық құжаттамасын әзірлеу және 3 қосалқы стансаға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.



Жалпы, жедел жәрдем қызметін дамытудың 2028 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, тұрғындардың тығыздығы мен қаланың дамуын ескере отырып, 12 жаңа қосалқы станса салу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32