Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы: 27 мың көрермен, 10 милиард теңгеден астам...

Алматы: 27 мың көрермен, 10 милиард теңгеден астам табыс және Дженнифер Лопес командасы берген жоғары баға

Барлығы 16.08.2025, 15:38 655
Алматы: 27 мың көрермен, 10 милиард теңгеден астам табыс және Дженнифер Лопес командасы берген жоғары баға
First Media Group Instagram-дағы ресми парақшасынан алынған фотолар

Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концерті қорытындыланды. Орталық стадиондағы ауқымды шоуға 27 мың көрермен жиналған. Оның шамамен 7 мыңы ТМД елдерінен бастап АҚШ, Канада, Түркия, Жапония, Қытай, Германия, Ұлыбритания, Франция секілді 35 мемлекеттен арнайы келген.

Билет бағасы 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін жеткен. Ұйымдастырушылардың алдын ала жасаған есебі бойынша бұл іс-шарадан бюджетке түсетін салық көлемі 600 млн теңге шамасында болмақ.

Up All Night туры аясында алты апта бойы әлем елдерінде Дженнифер Лопестің концерттерінде бас режиссёр болған Кристиан Ламб пен Алматы, Астана және Ташкент қалаларында артистпен бірге жұмыс істеген техникалық директор Григорий Антропов Алматыдағы сахнаның, шоу өткен алаңның дайындығын барлық алаңдардың ішіндегі ең үздігі деп атап, ұйымдастырушылар еңбегін жоғары бағалады. Бұл туралы First Media Group өкілі мәлімдеді.

«Әлемдік деңгейдегі жұлдыздың командасынан мұндай жоғары баға алу бізге үлкен шабыт береді. Дженнифер Лопестің концертін жоғары деңгейде өткізе алғанымызға қуаныштымыз.
Біз өз тарапымыздан концерттен кейін талдау жұмыстарын жүргіздік. Алдағы уақытта ескеріп, жетілдіруге болатын тұстары да бар екенін білеміз. Сол үшін келешекте одан да жоғары деңгейге шығу мақсатында нақты жоспар құрып жатырмыз. Концертке келіп, пікір білдірген барлық көрерменге алғыс айтамыз», — деді First Media Group басқарушы директоры Әлфия Нұрғұмарова.

Іс-шараның қала экономикасына тигізген әсері де ауқымды. Mastercard төлем жүйесінің дерегіне сүйенсек, шетелдік туристер Алматыда орта есеппен үш жарым күн аялдап, тәулігіне шамамен 440 долларды қонақүй, тамақ, көлік, экскурсия және саудаға жұмсайды. Концерт күндері тек шетелдік қонақтар қалаға шамамен 5 миллиард теңгеден астам табыс әкелді.

Бұл уақытта мейрамханалар, кофеханалар, қонақүйлер мен түрлі көлік компаниялары да қосымша пайда тапты. Тағы бір мысал, концерт өткен күні стадион аумағындағы фуд-корт 15 миллион теңге табыс тапқан.

Туризм басқармасының пайымдауынша, көрермендердің шығыны мен жанама кірістерді қоса есептегенде, концерттен қалаға түскен табыс айналымы 10 миллиард теңгеден асады. Мұндай мәдени іс-шаралар қала қазынасына қомақты кіріс әкеліп қана қоймай, Алматының туристік тартымдылығын арттырып, оны әлемдік гастроль картасындағы маңызды орталық ретінде нығайтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дженнифер Лопес #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика