Бүгін «Алматы-2» теміржол вокзалында да Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Сайлаушылар қатарында сайлау күні вокзалда жүрген пойыз жолсеріктері де бар.
Теміржол саласының қызметкерлері №336 сайлау учаскесіне есептен шығару куәлігімен келіп, дауыс берді. Сайлау күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде жүрген азаматтарға дауыс беруге мүмкіндік беру – олардың сайлау құқығын заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асуына жағдай жасайды.
Еске салайық, бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда елдің жаңа бір палаталы заң шығару органы – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Құрылтай құрамына бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады. Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 73-і азаматтар уақытша болатын орында ұйымдастырылған.
«Алматы-2» вокзалындағы сайлау учаскесінде дауыс беру белгіленген тәртіппен өтіп жатыр. Бүгін вокзалда жүрген жолсеріктерге де сайлауға қатысып, таңдау жасауға мүмкіндік берілді.