Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алмалы ауданында киім және ет, тамақ өнімдерін сат...

Алмалы ауданында киім және ет, тамақ өнімдерін сатқан 75-тен астам стихиялық сауда нүктелері жойылды

Барлығы 28.04.2025, 09:37 798
Алмалы ауданында киім және ет, тамақ өнімдерін сатқан 75-тен астам стихиялық сауда нүктелері жойылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Розыбакиев және Төле би көшелерінде заңсыз стихиялық сауданың 75 нүктесі жойылды

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы - біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы аясында әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша науқан жүзеге асырылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Атап айтқанда, Алмалы ауданында Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін (шығыс-батыс бағыты) Розыбакиев көшесі бойындағы учаскеде және Прокофьевтен Тұрғұт Озалға дейінгі Төле би көшесінде, «Барыс - 4», «Жұлдыз», «Тастақ» базарлары аумағында стихиялық сауданы жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 

Жүргізілген рейдтер нәтижесінде стихиялық сауданың 75-тен астам нүктесі жойылды, сондай-ақ 47 текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Бұл учаскелерде киім мен аяқ киім, тұрмыстық бұйымдар, ет өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары, соның ішінде сүт өнімдері сатылды. Саудагерлер рұқсат құжаттарынсыз, антисанитариялық  жағдайда және абаттандыру ережелерін өрескел бұза отырып сатылым жасады. 

Саудагерлермен Алматы қаласын абаттандыру ережелерін сақтау туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді. Оларға Алмалы ауданы базарларының аумағында сауда орындары ұсынылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы «Белгіленбеген орындардағы сауда» бойынша 253 әкімшілік хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы «абаттандыру ережелері» бойынша 785 хаттама енгізді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, стихиялық сауда фактілерін анықтау және жою, сондай-ақ заңсыз орнатылған сауда объектілерін бөлшектеу жөніндегі ауқымды акция 15 сәуірде басталып, 2025 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде ғана уәкілетті органдар полиция департаментімен бірлесіп санкцияланбаған сауданың 143 жағдайын (ҚР ӘҚБтК 204-бабы) және абаттандыру қағидаларын бұзудың 96-бабын (ҚР ӘҚБтК 505-бабы) анықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #киім #ет #сауда нүктелері #стихиялық сауда нүктелері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика