Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алмалы аудандық ХҚО-да қоғамдық қабылдау өтті

Алмалы аудандық ХҚО-да қоғамдық қабылдау өтті

Әлеумет 04.02.2022, 10:00 1,120
Алмалы аудандық ХҚО-да  қоғамдық  қабылдау  өтті
almaty-akshamy.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы Алмалы аудандық фронт-офисінде қоғамдық қабылдау шаралары өткізілді. Шара қала тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді алудағы түйткілді сұрақтарына жауап беру, құқық бұзушылықтарға төзбеу қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Біз мұндай қоғамдық қабылдауларды бұрын да өткізіп тұратынбыз. Пандемия салдарынан біраз уақыт тоқтап қалды. Енді қайта қолға алып, әр аудандағы ХҚО бөлімдерінде қызмет алушылармен бетпе-бет кездесіп, мәселелерінің шұғыл шешілуіне ықпал етпекпіз. Шара тұрғындарға қаншалықты пайдалы болса, олардың сын-ескертпелері арқылы біз де қызмет ұсыну үдерістерін жетілдіре беретін боламыз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ермек Бекжүнісов. 



Өткен аптада Медеу ауданының қызмет алушылары, ал бұл жолы Алмалы ауданының тұрғындары мемлекеттік қызмет алуға қатысты сұрақтарына жауап алды. Аудан тұрғыны Айгүл Сәбитқызы толық емес отбасы ретінде үй кезегіне тұру жолын сұраса, Жадыра Аманова оңалту бойынша біржолғы төлемдер туралы, Сергей Александров тұрғылықты мекенжайының өзгерістеріне қатысты,  Елена Андреева мемлекеттік актіні электрондық форматта алу сияқты сұрақтармен келсе, Раиса Сергеева пәтерінде тұрған бұрынғы тұрғындарын тіркеуден шығару жолын сұрады.


Іс-шара барысында 50-ге жуық қызмет алушының сұрақтары тыңдалып, кейбір мәселелерді департамент өз құзіретінің шегінде бақылауға алды. Сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік саласына, жер және құжаттандыру мәселелеріне қатысты болды.



«Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында халықтың көп кедергілерге тап болмай, сапалы қызмет алуына жаңдай жасау. Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз - мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету. Қалыптасқан сындарлы диалогта нәтижеге қанағаттанған және мемлекеттік органдардың жұмысы туралы оң пікірлерін қалдырған азаматтардың бірқатар қажеттіліктері шешілді», – дейді Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаментінің өкілі Мақсат Жаңбыршиев.



Бұл шара барлық санитарлық нормаларды, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді.


Мұндай қоғамдық қабылдаулар қаланың әрбір ауданындағы фронт-офистерде (ХҚО) апта сайын өтіп тұрады дейді ұйымдастырушылар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қоғам #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика