конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Алма-Арасанға» баратын бағыт кешенді жаңғыртылып...

«Алма-Арасанға» баратын бағыт кешенді жаңғыртылып жатыр

Барлығы 02.07.2025, 10:27 924 Сұлу
«Алма-Арасанға» баратын бағыт кешенді жаңғыртылып жатыр
Алматы әкімдігі

2025 жылы 12 мамырдан бастап «Алма-Арасан» автотұрағынан радон бұлағына дейінгі маршрутты кешенді жаңғырту басталды. Жоба аясында радон бұлағының инфрақұрылымын жаңарту, беткейлерді нығайту, көпірлерді қайта жөндеу, сонымен қатар жол бойын көріктендіру – жаңа төсеніштер, баспалдақтар мен демалыс орындарын орнату жұмыстары қамтылған. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы хабарлады.

Бұлақ маңында тау жыныстарының құлауынан қорғану жұмыстары жүргізілуде, оған өнеркәсіптік альпинистер тартылған. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақсыз тау жыныстарынан беткейлерді тазарту көзделген, соның ішінде тастарды сынық темірлер мен гидроқұралдарды пайдаланып, қолмен түсіру жұмыстары жүргізіледі.

Беткейлердің қосымша тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін анкерлік жүйелер орнатылады. Беткейлердің бетін болат торлармен және тартпа арқанмен қосымша бекіту жұмыстары жүргізіліп, бұл тау жыныстарының тұрақтылығын арттырып, құлау қаупін азайтады.

Жаңғырту жұмыстары 2025 жылы шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Дегенмен кейбір жұмыстардың мерзімі ауа райының жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін бұл маршрут анағұрлым қауіпсіз, жайлы әрі экологиялық таза болып, әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі туристерге бейімделеді.

«Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескерулерін сұраймыз. Жұмыс барысы мен уақытша жабылулар туралы ақпарат қосымша жарияланады», – деді хабарлады қаланың туризм басқармасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алмаарасан #жаңғырту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37

Жас белсенділер әділетті Қазақстан құру бағытын қолдады

Бүгін 14:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);