AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алимент төлеу – заңды міндет

Алимент төлеу – заңды міндет

Заң мен тəртіп 27.09.2024, 16:47 1,141 А.АҒЫБАЕВ, ҚР Бас Прокуратурасының Алматы қаласы бойынша Қылмыстық процестік және атқарушылық іс жүргізу департаментінің аға прокуроры.
Алимент төлеу – заңды міндет
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алимент төлеуден жалтарған тұлғаларға қатысты іздеу жариялайды

Баланы асырау – ата-ананың заңмен бекітілген міндеті. Бұл міндеттің орындалуы ата-ананың некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуына қарамастан өзгермейді. Қазіргі таңда елімізде жауапкершілікті сезінбейтін ата-аналардың баласына алимент төлемей жүргені өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Алименттер ай сайын ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысынан заңмен белгіленген мөлшерде төленуі тиіс.

Жұмыс істемейтін борышкердің төлеуге міндетті алимент мөлшері Қазақстан Республикасының орташа жалақысына сәйкес есептеледі. Құзырлы органдар тарапынан түрлі шаралар қабылданып жатса да, баласының жағдайына мән бермейтін, алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелердің саны азаймай отыр.

Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Бұл жұмыстар борышкерлерді жұмысқа орналастыру, берешегі көп борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту, олардың атына тіркелген мүлікке тыйым салу секілді шараларды қамтиды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу заңнамасына сәйкес алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге іздеу жариялау – мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады. Сот орындаушысы алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерді табу үшін іздеу жариялау туралы қаулы шығарады, бұл қаулы прокурордың санкциясынан өтіп, көші-қон полициясына жолданады.

Көші-қон полициясы алимент төлемей жүрген борышкерді табу мақсатында қажетті іздеу шараларын жүргізеді. Борышкер анықталған жағдайда, көші-қон полициясы одан атқарушылық іс бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты түсініктеме алады. Содан кейін сот орындаушысына борышкердің мекенжайы туралы толық мәлімет жолданып, қарызды өндіру жұмыстары жалғасады.

Борышкерлер алимент төлеу – заңды міндет екенін және оны орындамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ұмытпауы қажет.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бала #Алимент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Бүгін 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Бүгін 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Бүгін 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);