Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов құзырлы органдармен Ресейден келуш...

Әлихан Смайылов құзырлы органдармен Ресейден келушілер санының артуын талқылады

Әлеумет 26.09.2022, 17:06 1,165
Әлихан Смайылов құзырлы органдармен Ресейден келушілер санының артуын талқылады
Cурет: primeminister.kz

Премьер-Министр уақытша келген шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда Ресей Федерациясынан келушілер санының артуына қатысты қалыптасып отырған ахуал талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Келген адамдарды өңірлер бойынша орналастыру, жұмысқа тұру ықтималдығын қарастыру және кеңес беру мәселелері бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, мигранттарды тіркеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, жалға берілетін тұрғын үй нарығының құқықтық аспектілері туралы Әділет министрі Қанат Мусин баяндады.


Кеңеске Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты.


Премьер-Министр өңірлерде әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.



«Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек: ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды», — деді Әлихан Смайылов.



Оның айтуынша, барлық мемлекеттік құрылымдар өз құзыреті аясында отандастарымызға да, мигранттарға да тараптардың құқықтары мен жауапкершілігіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Алдағы күндері бұл мақсатта жедел желілер ашылады.


Сонымен қатар Премьер-Министр уақытша келген шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырды.


Оған қоса, Премьер-Министр барлық көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, елге келіп жатқан адамдардың бір жерде шоғырлануын болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды, ХҚКО-лардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қосымша қызмет көрсету терезелерін ашуды тапсырды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#мигрант #смайылов #жиын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика