Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов Қазақстанда машина жасау саласын о...

Әлихан Смайылов Қазақстанда машина жасау саласын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берді

Әлеумет 29.04.2022, 04:21 1,172
Әлихан Смайылов Қазақстанда машина жасау саласын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берді
Сурет: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «Қазэнергокабель» АҚ бас директоры Владимир Бобров және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті Марат Тілеубаев баяндама жасады. Машина жасау саласында 3 мыңға жуық кәсіпорын бар, 115 мың адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемінде (16,8 трлн теңге) машина жасауға 14%-ы тиесілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 


Саланың ең ірі секторларының бірі — автомобиль жасау (33,1%). Алдағы жылдары елімізде құрастырылатын автомобильдердің модельдік қатарын кеңейту, сондай-ақ автокомпоненттер (бамперлер, орындықтар, автомобиль шынысы, пластиктен жасалған бөлшектер, шиналар, т. б) өндірісін ретке келтіру жоспарланып отыр. Кеңес барысында саланың өзекті мәселелері де қаралды. Мәселен, бүгінгі таңда Қазақстанда т/ж және электротехникалық машина жасау салаларында аккредиттелген зертханалар жоқ, сонымен қатар кабельдік-өткізгіш өнімдер бойынша ұлттық стандартты әзірлеу қажет.


Бұған қоса, ауыл шаруашылығы техникасын шығару саласында өндірістің толық тізбегін құру үшін кәсіпорындар арасындағы кооперацияны реттеген жөн, ал жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процесі бойынша ел ішіндегі құндылығын арттыру үшін шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар саланың импортты алмастыру есебінен айтарлықтай өсуге әлеуеті бар екені атап өтілді, сол себепті тиісті бағдарлама шеңберінде 20-дан астам жобаны іске асыру көзделген. Машина жасауды дамытудың қосымша шаралары ретінде базалық өндірістер құру (болат импортын азайту) және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қорын қаржыландыруды кеңейту жоспарланып отыр. ҚР Премьер-Министрі қысқа мерзімде әрбір мәселе бойынша қажетті шараларды дайындау үшін барлық айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.



«Машина жасау саласы – экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторы. Импортты алмастыру, әсіресе, аймақтық нарықтарға экспортты кеңейтуде орасан зор әлеует бар. Осы орайда біз аталған саланың серпінді дамуына жағдай жасап, қажетті қолдау шараларын іске асыруға тиіспіз», — деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Машина жасау #Кеңес #Үкімет басшысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика