конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов отандық өндірісті қолдауды тапсырд...

Әлихан Смайылов отандық өндірісті қолдауды тапсырды

Әлеумет 11.08.2022, 06:24 1,136
Әлихан Смайылов отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Сурет: Egemen.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов машина жасауды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев өз баяндамасында 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға (ақшалай баламада) өскенін хабарлады. Салаға тартылған инвестициялар көлемі 23%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Кеңес барысында «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев отандық өндірісті қолдаудың бірқатар бағыты бойынша сала өкілдерінің ұсыныстарын айтты.


Өңдеу секторының кәсіпорындарын қолдау бойынша жұмыс шеңберінде шикізат, материалдар мен құрамдас бөлшектерді импорттау кезінде есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу тетігін қолдану 2024 жылға дейін ұзартылғаны атап өтілді. Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті металл өнімдерін ҚҚС осы әдіспен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне қосу ұсынылды. Сондай-ақ өнімді экспорттау кезінде ҚҚС-ны жедел қайтаратын өңдеуші сектор кәсіпорындарын қамтуды кеңейту ұсынылады.


Премьер-Министр аталған ұсыныстарды қолдап, тиісті мемлекеттік органдарға қажетті шешімдердің жобаларын енгізуді тапсырды.



«Біз отандық өндірістің өсіп, өркендеуіне мүдделіміз. Ол үшін қолдау шараларымен қамту кеңейтіледі. Сондай-ақ сатып алулар кезінде жергілікті қамтуды ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет»,  - деді Әлихан Смайылов.



Премьер-Министр осы бағыттар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Машина жасау #дамыту #отандық өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);