Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов жаңа инвестициялық жобалармен таны...

Әлихан Смайылов жаңа инвестициялық жобалармен танысты

Әлеумет 11.08.2023, 12:08 1,060
Әлихан Смайылов жаңа инвестициялық жобалармен танысты
primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС ірі химиялық кешенінің құрылыс жобасымен және «Тараз химиялық паркі» АЭА базасындағы жаңа инвестициялық жобалармен танысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгінде өңірдің өнеркәсіп саласында 838 кәсіпорын жұмыс істейді, ал жұмыспен қамтылғандар саны – 43 мың адам. Биылғы 7 айдың қорытындысына сәйкес облыста өндірілген өнім көлемі 510 млрд теңгеге (+7,8%) жетті.


«ЕвроХим» компаниясы ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңін жүзеге асырды: тау-кен кешенінің базасында жылына 660 мың тоннаға дейін фосфориттер өндіру жолға қойылды. Қуаттылығы жылына 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау қондырғысы салынды. Инвестиция көлемі – $126 млн.



Екінші кезең шеңберінде минералды тыңайтқыштар шығаратын химия кешенінің құрылысы басталды. Өндірістік қуаттылығы жылына кемінде 1 млн тоннаға жетеді. Екінші кезеңді жүзеге асыру $1 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға және 1 200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.


Премьер-Министр Үкіметтің химия өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыруға үлкен көңіл бөліп отырғанын, сондықтан жаңа ірі зауыттың өңірдің ғана емес, жалпы республиканың дамуы үшін де маңызы зор екенін баса айтты.



«Бұл жобаны іске қосу ауыл шаруашылығы саласының қажетті минералды тыңайтқыштарға деген сұранысын тиісті деңгейде қамтамасыз етеді және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімді тезірек шығару үшін зауытты уақтылы іске қосудың маңызы зор», – деді Әлихан Смайылов.



Әрі қарай Әлихан Смайылов Шу ауданында орналасқан «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты. Сонымен қатар Премьер-Министрге «TAS Market» ЖШС-ның өнеркәсіптік кремний, графит электродтары, поликремний және күн батареялары өндірісі жолға қойылған кремний кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобасы таныстырылды. Сондай-ақ «Qazaq Soda» ЖШС жүзеге асырып жатқан еліміздегі кальцийлендірілген сода шығаратын алғашқы зауыт құрылысының жобасы таныстырылды.



«Біз бұл жобаларды қолдаймыз және жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Мұны бір жыл ішінде іске асыруға болады. Индустрия министрлігі мен ҚТЖ-ға тиісті тапсырма беремін», – деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлихан #смайлов #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі