AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов инвестициялық ахуалды жақсарту жөн...

Әлихан Смайылов инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Әлеумет 30.11.2022, 12:36 1,337
Әлихан Смайылов инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Сурет: Primeminister.kz

Салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға ерекше назар аударылатын болады


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында салықтық әкімшілендіруді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар қаралды. Almaty-akshamy.kz бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Іс-шараға Қазақстанда аккредиттелген АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, Еуропалық Одақ елшісі Кестутис Янкаускас, Канада елшісі Алан Хэмсон, Қазақстандағы Америкалық Сауда палатасының атқарушы директоры Дорис Брэдбери, сондай-ақ ірі бизнестің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.


Премьер-Министр өз сөзінде Үкімет мемлекеттің шектен тыс араласудан бас тартып, барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бәсекеге қабілетті нарықтық экономика құру бағытын жалғастыратынын атап өтті.



«Бұл бағытта шынайы нарықтық бәсекелестікті күшейту, заңнама және сот практикасын жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар іске асырылып жатыр. Бұл бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесін едәуір нығайтады, инвесторларға кең ауқымды экономикалық мүмкіндіктер береді», – деді Әлихан Смайылов.



Үкімет басшысы бюджет-салық саясатын жетілдіру үшін 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы қабылданғанын, ал фискалды саясатты қайта жаңарту мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленетінін атап өтті.


Салық заңнамасын жақсарту жұмыстарының барлығы салық төлеушілермен, сарапшылармен және халықаралық консультанттармен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі.



«Бұл ретте салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және цифрландыруға, табысты реинвестициялау кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қолдануды кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады», — деді Әлихан Смайылов.



Отырыс аясында қатысушылар салық саясатының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдарды, жаңа Салық кодексін әзірлеу, тауарларды кедендік өңдеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер арасындағы бизнес байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.


Қорытындылай келе, Премьер-Министр барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды тиісті мемлекеттік органдар пысықтайтынын атап өтті.



«Қазақстан Үкіметі салық саясатының барлық өзекті мәселелері бойынша инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын», — деп түйіндеді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #инвестиция #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика