AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов: Инфляция деңгейін төмендетуге қат...

Әлихан Смайылов: Инфляция деңгейін төмендетуге қатысты жаңа шаралар кешені әзірленді

Әлеумет 15.02.2022, 05:15 1,215
Әлихан Смайылов: Инфляция деңгейін төмендетуге қатысты жаңа шаралар кешені әзірленді
Inform.kz

Инфляция деңгейін бақылау және оны төмендетуге қатысты жаңа шаралар кешені әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Президент бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мәселесін атап көрсетті. Қазіргі таңда тау-кен секторында пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесін, мұнай өнімдерін өндірушілерге арналған акциздерді, жер қойнауын пайдаланушылардың дивиденттері бойынша жеңілдіктерді және трансферттік баға белгілеу тәртібін қайта қарау бойынша ұсыныстар дайын болды. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері осы ұсыныстарды жұртшылық пен бизнеске кеңінен түсіндіріп, олардың тез арада заң жүзінде бекітілуін қамтамасыз етуі қажет», - деді Үкімет басшысы.



Сонымен қатар ол майнинг саласының проблемалық мәселелерін шұғыл реттеу қажеттігіне назар аудартты.



«Қазіргі кезде Үкімет майнинг тәсілдерін қайта қарап жатыр. Бұл саланы реттеу және дамыту үшін Цифрлық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық мәселелерді Мәжіліс депутаттары бастамашы болған «Цифрлық активтер туралы» заң жобасы аясында пысықтауы қажет», - деді Премьер-Министр.



Сонымен қатар Үкімет басшысы Президент тапсырмасына сәйкес, инфляция деңгейін бақылау және оны төмендетуге қатысты жаңа шаралар кешені әзірленгенін айтты.



«Ол егіс алқаптарын көбейту және азық-түлік өнімдерін өндіру мен өңдеу саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы отандық өндірісті ұлғайтуға бағытталған. Сонымен қатар жанар-жағармай материалдарын өндіру мен оларды бөлу жүйесін реформалау бойынша жүйелі шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ бағаны белгілеуге бақылау жасау және монополияға қарсы реттеу шаралары көзделіп отыр. Қабылданып жатқан шаралар бағаны біртіндеп тұрақтандыруға, инфляцияны нысаналы деңгейде ұстап тұруға, және бизнес ахуалды жақсартуға ықпал етеді. Осыған орай инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін мақұлдауды ұсынамын», - деді ол.



Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдерге аталған іс-шаралардың сапалы және тиімді орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.



«Шаралар кешенінің орындалу барысын Үкіметте тұрақты түрде қарайтын боламыз. Жалпы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуын жетілдіру бойынша ұсынылған шараларды қолдаймыз. Қаржы министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, осы ұсыныстарды заң жүзінде бекіту мәселесін жылдамдатып пысықтасын», - деді Әлихан Смайылов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #үкімет #инфляция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мамырда өтетін мерекелерге дайындалып жатыр: Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мәдени іс-шаралар бағдарламасы

Бүгін 13:24

Парламентте жануарларға жауапкершілікпен қарау заңы қабылданды

Бүгін 12:12

 Almaty Hub-та Waze және Moovit негізін қалаушы Uri Levine воркшобы басталды

Бүгін 11:57

Алматыда шетел азаматтарына бақылау күшейді

Бүгін 11:09

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);