AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов: Бүгінгі мереке - туған жерге деге...

Әлихан Смайылов: Бүгінгі мереке - туған жерге деген шексіз құрметтің белгісі

Әлеумет 01.05.2023, 06:01 1,218
Әлихан Смайылов: Бүгінгі мереке - туған жерге деген шексіз құрметтің белгісі
сурет: gov.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ортақ келісім мен ауызбіршілікті қастерлі құндылығы санайтын көпұлтты халқымыз үшін еңселі елдіктің, ырысты ынтымақтың мейрамы.

Тәуелсіз еліміздің болашағы өзара сыйластық және мызғымас достық сияқты мемлекеттігіміздің берік негіздеріне байланысты.

Сондықтан бүгінгі мереке туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігіміз бен шексіз құрметіміздің айшықты белгісі болып саналады.

Әрбір азаматтың келешек ұрпақ алдындағы ұлы міндеті – ата-бабамыздың осынау баға жетпес мұрасын көздің қарашығындай сақтап, ел мүддесіне қызмет ету.

Береке-бірліктің арқасында елімізде тұрақтылық пен үйлесімділік салтанат құруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген саяси бағдар этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті нығайтуға бағытталған.

Бүгінгі шуақты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!


Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 мамыр #Қазақстан халқының бірлігі күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);