AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында Жұқп...

Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығына барды

Әлеумет 10.03.2023, 13:26 1,252
Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығына барды
Сурет: Ашық дереккөз

Әлихан Смайылов мұндай әлеуметтік жобаларға жеке инвестицияларды тарту аса маңызды екенін атап өтті


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.


350 төсек-орынға арналған Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының құрылысын 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.


Стационардан басқа, онда ғылыми-зерттеу және оқу орталықтары, зертханалар, медициналық университеттердің кафедралары және т. б. орналасатын болады.


Жаңа орталықта жұқпалы аурулар, пульмонология және фтизиатрия саласында сапалы медициналық көмек көрсетіледі, зерттеулер жүргізіліп, мамандар оқытылады, озық медициналық технологиялар пайдаланылып, дәрілік препараттар сыналады.


Бұдан басқа жаңа нысан базасында республикадағы эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін ахуалдық орталық ашу жоспарлануда.



Премьер-Министр ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын 2 млрд адам жұқпалы аурулармен ауырып, 50 млн-нан астам адам қайтыс болатынын айтты.



«Орталықтың ашылуы туберкулезден ғана емес, жалпы басқа да жұқпалы аурулардан, оның ішінде аса қауіпті аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді. Алматы әкімдігі орталықты ашу мәселесін ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.



Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау саласын дамыту аясында 2025 жылға дейін полиорталықты қағидаты бойынша 16 емхана салу жоспарланып отырғанын, онда республикада алғаш рет МСАК бірыңғай стандарты енгізілетінін баяндады.


Бұл 300 мыңнан астам адам үшін алғашқы медициналық қызметтерді қолжетімді етеді.


Бұдан басқа, 2030 жылға дейін қолданыстағы 25 көп салалы және мамандандырылған стационардың инфрақұрылымы кезең-кезеңмен жаңғыртылады.


Сондай-ақ 5 көпсалалы стационар (нейрохирургия, инсульт орталығы, эндопротездеу, травматология және ортопедия) базасында арнайы орталықтар құру және басқа да бірқатар қадамды іске асыру жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлихан Смайылов #Алматы #нысан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);