AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алғыс айту күні: Алматыда мәдени іс-шаралар мен ә...

Алғыс айту күні: Алматыда мәдени іс-шаралар мен әлеуметтік акциялар өтпек

Барлығы 25.02.2025, 12:53 931 dulatbekova
 Алғыс айту күні: Алматыда мәдени іс-шаралар мен әлеуметтік акциялар өтпек
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

«Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» ҚБ филиалының төрағасы Всеволод Лукашев бұл күн – жақындарына, дәрігерлерге, мұғалімдерге, құтқарушыларға және қоғамның игілігі үшін күн сайын үлес қосып жүрген жандарға алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік екенін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Мерекенің басты идеясы – Қазақстандағы халықтар достығын, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту. Қазақстан халқы Ассамблеясы оны ұйымдастыруда негізгі рөл атқарады және қоғамның бірлігін арттыруға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асырады», – деді ол.

Сондай-ақ, Лукашев Алғыс айту күні – Қазақстанда жүргізіліп жатқан бейбітшілік пен келісім саясатының символы екенін атап өтті.

Өз кезегінде республикалық «Уйғур авази» газетінің бас редакторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ершат Асматов Алғыс айту күнін атап өту дәстүрі әлемнің көптеген елдерінде бар екенін еске салды. Мысалы, АҚШ-та бұл күн отбасылық дәстүрлермен байланысты, Израильде – мол өнім үшін алғыс айту күні ретінде аталып өтеді, ал Беларусь халқы үшін бұл – егін жинау мерекесі. Бірақ қай жерде болмасын, оның мәні өзгеріссіз қалады – игі істер мен қолдау үшін ризашылық білдіру.

«Қазақстанда Алғыс айту күні – елімізде өмір сүретін барлық халықтардың құрметі мен бірлігінің символы. Бұл күн әртүрлі этнос өкілдерінің қиын кезеңдерді еске алып, қазақ халқына қонақжайлығы мен қамқорлығы үшін алғыс айтатын уақыты. Бұл тарихи жадымызды сақтауға, өзара құрмет пен қоғамдағы бірлікті нығайтуға көмектеседі», – деп атап өтті Асматов.

Мереке аясында Алматыда көптеген мәдени-әлеуметтік іс-шаралар жоспарланған:
- 25 ақпан – Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының концерті.
- 28 ақпан – «Золотые годы» қарттар үйінде қарт адамдарға арналған қайырымдылық түскі ас.
- 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің қолөнер көрмесі (Республикалық Достық үйі), Неміс үйінде «Әртүрлі шығу тегі – тең мүмкіндіктер» отбасылық қонақ бөлмесі, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық акциялары.
- 2 наурыз – Медеу ауданының Комьюнити орталығында флешмоб.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс айту күнін ұйымдастырумен ғана шектелмей, ұлттық бірлікті нығайту бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Оның негізгі бағыттарының бірі – этномәдени бірлестіктерді қолдау, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің жұмысы, сондай-ақ жастар бастамаларын дамыту.

«Бұл күнді атап өту ғана емес, оны шынайы игі істермен толықтыру маңызды. Біз «Біз біргеміз», «Қазақтану», «Мың бала» және басқа да жобалар арқылы өзара көмек пен алғыс мәдениетін қалыптастырамыз, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тарихы мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды тәрбиелейміз», – деп түйіндеді Асматов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алғыс айту күні #мәдени іс-шаралар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);